Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Тренингтер

Қазақстан Баспасөз клубы алға қойған мақсатының бірі медиа қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру. Қазақстан Баспасөз клубы журналистер мен БАҚ менеджерлеріне арнап арнаулы және оқыту семинарлары мен тренингтерін ұйымдастырып, өткізеді.

Қазақстан Баспасөз клубының медиа-мамандарға арналған тренингтері — бұл алға қойылған міндеттерді шешу үшін арнайы әзірленген бірегей білім беру модульдері, тренинг тақырыбы жөнінде және медиа саласында маманданған жетекші спикерлер, сондай-ақ, сапалы техникалық қамсыздандыру мен ойластырылған логистика.

Біз журналистерге арнап салалық тақырыптар пен мамандықтар жөнінде оқыту тренингтері мен бағдарламаларын өткіземіз. Тренинг модулін әзірлеу кезінде Қазақстан Баспасөз клубы медиа саласы қызметкерлерінің қажеттіліктері мен сұраныстарын білу мақсатында олардың арасында сауалнама өткізеді. Біз нақты  бір тақырыпты кәсіби деңгейде меңгерген,  сондай-ақ, журналистерге арнаулы мәселелерді түсінікті тілмен жеткізе алатын сапалы спикерлерді таңдаймыз.

Қазақстан Баспасөз клубы қонақ үйге тапсырыс беру, трансферт, билет, тамақтану, серуендер, көңіл көтеру бағдарламалары және тағы басқа тренинг логистикасының мәселелерін шешуді өз мойнына алады. Біз семинарды өткізу үшін модераторларды ұсынып, БАҚ-на арнап құлақтандырма мен баспасөз мәлімдемелерін дайындаймыз. Тренингтен кейін медиада жарияланған басылымдарға мониторинг жүргізіліп, жан-жақты талдау есептемелері дайындалады. Тренинг жөніндегі есеп үлгісін жүктеп алсаңыз болады.

Қазақстан Баспасөз клубы қаржы-экономикалық, экологиялық журналистика бойынша және IT-технологиялары мен медицина тақырыбы туралы мақала жазатын журналистерге арналған түрлі тренингтер өткізген.

Қазақстан Баспасөз клубы «Дағдарыс пен жаңа міндеттер жағдайында медианы тиімді басқару» деп аталатын жаңа кешенді жобаның бастамашысы. Осы жоба шеңберінде біз БАҚ менеджерлеріне арнап медиа ұйымдарын тиімді басқару, жарнама, әлеуметтік медиада ілгерілету мәселелері жөнінде семинарлар мен тренингтер өткіземіз.

Тренингтерді ұйымдастыру және өткізу бойынша толық қызмет тізімімен танысып шығуыңызды сұраймыз.

Print Friendly, PDF & Email