Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Тақырып бойынша шолу

Қазақстан Баспасөз клубы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалар бойынша газет, журнал, телехабар, интернет-сайттар мен ақпараттық агенттіктердегі мәліметтерге тақырыптық шолу жасауды ұсынады.

Арнайы сіз және сіздің компанияңыз үшін біздің мамандар мәліметтерді іріктеп, оларды құрылымдап береді. Сондай-ақ, сізге шолу жасалатын тақырыпты таңдауға көмектесетін тақырыптық жіктеме жасалған.

Тақырыптық жіктемеде саясат, экономика, әлеумет деп бөлінген үш үлкен тарау бар. Әрбір тарау айдар бойынша топтастырылған. Мәселен, «Экономика» тарауы келесі тармақтарға жіктелген: бюджет, банк және қаржы, сақтандыру, зейнетақы жүйесі, мұнай саласы, газ саласы, тау-кен-металлургия кешені, энергетика, машина құрастыру, көлік және байланыс, телебайланыс және электронды техника, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет өнері, құрылыс, жылжымайтын мүлік нарығы, агроөнеркәсіп кешені, азық-түлік өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп пен ағаш өнеркәсіп кешені, химия өнеркәсібі, фармацевтика өнеркәсібі, бизнес және кәсіпкерлік, туризм.

Тақырыптық жіктемені бір күн ішінде дайындау кезінде тақырыпқа қатысты барлық ақпарат іріктеліп алынады. Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің қандай да бір салаға ықпал ететін қызметі жөнінде ақпарат, зерттеу тақырыбына қатысты заңнамалық актілер мен нормативтік құжаттар, қоғамдық пікір, халықаралық жаңалықтар ажыратып алынады. Тақырыптық жіктеме ішінде экономиканың қандай да бір саласында қызмет жасайтын басты компаниялардың қызметіне қатысты БАҚ мақалалары қамтылған. Сондай-ақ, біз осы салада орын алған оқиғалар жөнінде қоғамдық пікірді қалыптастыра алатын ілеспе мәліметтерді де талдаудан өткіземіз.

Өзіңіз таңдаған тақырып бойынша тақырыптық жіктемені күнделікті алып тұру арқылы сіз жаңалық жасаушылар мен басты спикерлердің пікірі, қоғамның қатынасы мен БАҚ жауабының негізінде осы бір күн ішінде болған оқиғалардың тұтас көрінісін аласыз деп батыл сеніммен айтуға болады. Ал «Қолдағы мәлімет — сізді бәсекеге қабілетті ететін құрал» екені белгілі.

Print Friendly
comments powered by HyperComments