Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Баспасөз мәжілістері

Есімі Қазақстан қоғамына белгілі әрбір тұлға Қазақстан Баспасөз клубының қонағы болған. Олардың қатарында бизнесмендер мен саясаткерлер, қоғамдық қызметкерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, театр және кино жұлдыздары, чемпиондар бар. Қазақстан Баспасөз клубының баспасөз алаңында бір жылда 200 аса баспасөз мәжілісі өтеді.

Іс-шараларды ұйымдастыру бойынша 17 жылдық тәжірибеміз бар, сонымен бірге, әрбір істі бүге-шегесіне дейін жетілдіріп,  журналистер алдына шыққысы келетіндер үшін кең қызмет қоржынын ұсынамыз, спикерлер мен тілшілер үшін барынша ыңғайлы баспасөз залын ұсынамыз, баспасөз мәжілістерімізді онлайн арқылы, әлеуметтік желілерде таратып, медиаға мониторинг пен талдауды жүргіземіз, баспасөз мәжілістерінен кейін сапалы есептеме ұсынамыз. Осы айырықшалықтарымыз бен кәсібилігіміз үшін баспасөз мәжілістерін өткізуде  Қазақстан Баспасөз клубын таңдайды.

Баспасөз мәжілістері Алматы, Астана және де Қазақстанның кез келген басқа қалаларында, сондай-ақ, Бішкек, Ташкент және өзге елдерде өткізіледі. Баспасөз мәжілістері туралы барлық ақпарат халықаралық Faсtiva және ISI мәліметтер базасына түседі.

Біз серіктестерімізге баспасөз мәжілістерінің толық тұғырнамасын және БАҚ үшін құлақтандырманы жасауға көмектесеміз, нысаналы топтағы әрбір журналист және блоггермен жұмыс жасап, баспасөз мәжілісі жөнінде газет, журнал, ақпараттық агенттіктер, радио және теледидар, шетелдік тілшілер мен блоггерлер секілді медиа саласының барлық өкілдерін хабарландырып шығамыз.

Біз баспасөз мәлімдемесін және  толық көлемді баспасөз топтамасын дайындап, оларды қажет болған жағдайда қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударып береміз. Баспасөз мәжілісі туралы құлақтандыру және оның баспасөз мәлімдемесі Қазақстан Баспасөз клубының ақпараттық порталында, біздің Facebook және Twitter таспасындағы беттерімізде жарияланып, барлық отандық бұқаралық ақпарат құралын қамтитын біздің бірегей базамыз бойынша таратылады. Қазақстан Баспасөз клубының баспасөз мәжілістерін тәжірибесі мол қызметкерлер жүргізеді.  Қажет болған жағдайда біз ілеспе аудармамен қамтамасыз етіп, тағы да басқа қызметтерді ұсынамыз. Баспасөз мәжілісінен кейін Қазақстан Баспасөз клубы медиаға мониторинг жүргізіп, оқиғаның БАҚ беттерінде жариялануы жөнінде есептеме дайындап береді.

Қазақстан Баспасөз клубының Алматы қаласындағы баспасөз залы — бұл жоғары технологиялармен жабдықталған заманауи мультимедиалық алаң. Журналистермен бір уақытта 8 спикер сөйлесе алады. Залдың ішіне 60 журналист сыяды.

Кәсіби жарықтандыру, сапалы аудио-аспап медиа саласы өкілдерінің барынша ыңғайлы жұмыс жасауы үшін барлық жағдайды ұсынады. Баспасөз залында мультимедиалық проектор орнатылған. Президиумде интернетке шығуға және залда Wi-Fi-ды қолдануға болады. Осы мүмкіндіктер журналистер мен блоггерлерге жаңалықтарды жедел таратып отыруды қамтамасыз етеді.

Сарапшылардың берген бағасы бойынша Қазақстан Баспасөз Клубы — сенімді ақпаратты қамтамасыз ететін баспасөз мәслихаттарына арналған кәсіби алаң. Біздің серіктестеріміз бен қонақтарымыздың берген пікірлерін оқып шығуыңызға болады.

 

Print Friendly