Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Баспасөз орталығы

Кез келген ірі халықаралық іс-шара, конференция, форум, спорттық шара кәсіби баспасөз орталығын ұйымдастыруды талап етеді. Қазақстан Баспасөз клубы —  халықаралық баспасөз орталықтарының жұмысын ұйымдастыру бойынша көшбасшы. Біз Еуразия Экономикалық форумы, Ислам Даму банкінің конференциясы, БҰҰ/Азия және Тынық мұхитының экономикалық және элеуметтік комиссиясының конференциялары, «Бейжің-2008» Олимпиада алауы эстафетасы, «Азиада-2011» Қысқы Азия ойындары және тағы да басқа көптеген іс-шаралар кезінде баспасөз орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз еттік.

Баспасөз орталығын ұйымдастыру кезінде Қазақстан Баспасөз клубы отандық және шетелдік журналистердің тізімін қалыптастыру, оларды шақыру және аккредитациялау міндетін өзіне алады. Біз қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде құлақтандырма, баспасөз мәлімдемелерін, баспасөз топтамаларын дайындап, барлық ақпаратты өзіміздің бірегей БАҚ базамыз арқылы таратып, Қазақстан Баспасөз клубының сайтында, Facebook, Twitter-таспасында жариялап отырамыз. Қажет болған жағдайда біз әуежайда қарсы алу, медиа қызметкерлерін іс-шараның өткізілу орнына дейін тасымалдауды қамтамасыз етіп, журналистер мен блоггерлер үшін мәдени бағдарлама ұйымдастырып береміз.

Баспасөз орталығының жедел әрі сапалы жұмыс жасауы оның техникалық жабдықталуына байланысты. Кабельдік, ұялы және жерсеріктік байланыс, Интернет секілді телекоммуникация құралдарымен сапалы деңгейде жабдықталған баспасөз орталықтарын құруда Қазақстан Баспасөз клубының  тәжірибесі мол. Біз байланыс арналарын (стационарлы және ұялы телефон стансалары, байланыстың балама жүйелері, дыбыс зорайтқыш жүйелері, конференц-байланыстар), акустикалық және проекциялық жабдықтарды, кеңсе және көшірме жабдықтарын жалдауды қамтамасыз етеміз. Баспасөз орталығының жұмысына арнайы маманданған техникалық қызметкерлер қолдау көрсететін болады.

Сонымен қатар, біз баспасөз орталығының жұмысы кезінде журналистер үшін sms жіберуді қамтамасыз етіп, медиаға арнап ішкі сайтты жасаймыз. Баспасөз орталығын ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтің толық тізімімен танысып шығыңыз.

Print Friendly, PDF & Email