Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

PG Communication

PG Communications – қоғаммен байланыс орнату бойынша толық кешенді қызметті ұсынатын консалтинг агенттігі. Қазақстан Баспасөз клубының еншілес компаниясы болып табылады. Қазақстан нарығында 1994 жылдан бастап қызмет жасап келеді.

PG Сommunications топтық байланыс бойынша қоғаммен байланысу нарығында қызмет жасайтын жетекші компаниялардың бірі және де қаржылық байланыстар саласындағы сөзсіз көшбасшы болып табылады. Біз IPO кезінде және IPO-дан кейінгі кезеңде PR-қолдау көрсету бойынша 6 жылдық тәжірибесі бар, сондай-ақ, бизнес, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар, халықаралық ұйымдарға кешенді қызмет көрсететін Қазақстандағы жалғыз агенттікпіз.

Агенттіктің философиясы қоғаммен байланысу және абырой-бедел мәселесіне қатысты міндеттерді кешенді түрде шешу үшін тапсырыс берушімен ұзақ мерзімді серіктестік қатынас құруды көздейді.

Компанияның басты кеңсесі Алматыда орналасқан, Астана қаласында бөлімшесі бар.

Біздің тапсырыс берушілеріміз үшін Қазақстанның барлық қалаларында кез келген ауқымда көшпелі іс-шараларды өткіземіз. Сондай-ақ, Агенттік өзінің жетекші серіктестерімен берік ынтымақтастық құра отырып, шетелде осындай шараларды ұйымдастырумен айналысады.
Сіздің тапсырмаларыңызды орындау кезінде біздің компания әлемдік бетбұрыстар мен PR саласындағы өзінің білімі мен дағдысын жергілікті нарық ерекшеліктері мен нысаналы топтың дүниетанымына үйлестіруді көздейтін бірегей тәсілді қолданады.

Агенттіктің маманданған саласы:

  • Топтық байланыстар
  • Қаржылық байланыстар
  • Дағдарысқа қарсы байланыстар
  • БАҚ-мен қарым-қатынасты басқару (Media relations)
  • Қоғамдық білім беру жобалары
  • Әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнес жобалары (CSR)
  • PR менеджерлерге арналған тренингтер
  • БАҚ-мен жұмыс жасау бойынша топ менеджерлерге арналған VIP тренингтер
  • БАҚ-на мониторинг және талдау жасау

Толық кешенді қызмет көрсететін консалтинг агенттігі

Жекеменшік сектормен, мемлекеттік, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен, БАҚ-мен жұмыс жасау бойынша 17 жылдық тәжірибеміз бар.

400-ден аса PR-жобаны орындап, 4500-ден аса медиа іс-шараларын өткіздік.

Ресейлік және еуропалық серіктестермен бірлескен жобаларымыз бар.

Компания құрамында 39 кәсіби қызметкер жұмыс істейді.

Алыс және жақын шетелде (Лондон, Гонконг, Мәскеу, Санкт-Петербург, Таллинн, Ыстамбұл және т.б.) жобаларды өткіземіз
Басты қызметкерлеріміз шетелде білім алып, жетекші халықаралық және отандық компанияларда жұмыс тәжірибесін жинақтаған

Агенттіктің жетістіктері

  • Қазақстандағы тәжірибесі мол әрі ең кәсіби агенттік
  • Қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық қауымдастықтың ортақ құрылтайшысы
  • Қазақстанның кәсіпқой PR мамандарының «PR-шы» клубының ортақ құрылтайшысы
  • Көптеген алғыс хаттармен марапатталған
  • Халықаралық кәсіби қауымдастықтардың мүшесі
  • Тармақталған халықаралық серіктестік желісі бар

Сонымен қатар PG Communications корпоративтік сайтын көрулеріңізге де болады.

Print Friendly