Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Біз туралы

«Қазақстан Баспасөз клубы» Коммуникациялық тобы — кешенді байланыс және кеңес беру қызметтерін ұсынатын Қазақстандағы алғашқы және жетекші ұйым. Біз тапсырыс берушілер мен серіктестерімізге БАҚ, мемлекет, бизнес, ҮЕҰ өкілдері және қоғаммен қатынас орнатуға көмектесеміз.

Қазақстан Баспасөз клубының міндет-мақсаты

Біліктілігі мен әлеуметтік жауапкершілігі жоғары отандық БАҚ дамыту арқылы бәсекеге қабілетті ақпараттық нарықты қалыптастыру, сондай-ақ, Қазақстанның ақпараттық кеңістігін кеңейту және де оны әлемдік ақпараттық қауымдастыққа ықпалдастыру мақсатында медиа саланың халықаралық стандарттарын тарату.

Қазақстан Баспасөз клубы — тәуелсіз Қазақстанның бірінші мемлекеттік емес баспасөз клубы. Клуб Американың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) нарықтық экономиканы жекешелендіру және дамыту үрдісін тарату жобасы шеңберінде 1994 жылдың қыркүйегінде құрылды. Осы жоба аяқталғаннан кейін Қазақстан Баспасөз клубы қызмет көрсету шеңбері ауқымды дербес қоғамдық ұйымға айналды.

Қазақстан Баспасөз клубы — қандай да бір ұйымның еншілес компаниясы емес, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралы болып табылмайтын және Қазақстанның барлық медиа саласымен серіктестік қатынасты ұстанатын тәуелсіз құрылым.

Қазақстан Баспасөз клубы өз саласында сөзсіз көшбасшы. Біздің үлгілеріміз бен технологияларымызды басқа ұйымдар қолданады. Біз 15 жылдық қызметіміз аралығында 3000 аса медиа-шараны, 300 аса кешенді ақпараттық жобаны, сондай-ақ, көптеген оқыту семинарлары мен тренингтерді ұйымдастырып, өткіздік.

Қазақстан Баспасөз клубы Коммуникациялық тобының құрамында журналистика, жарнама, халықаралық ҮЕҰ, жеке бизнес салаларында бірегей жұмыс тәжірибесін жинақтаған 40 жоғары білікті кәсіби қызметкер жұмыс жасайды. Бізге мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі  ең күрделі жобаларды сеніп тапсырады.

Қазақстан Баспасөз клубы — Еуропаның Баспасөз клуб қауымдастықтарында  байқаушы мәртебесіне ие ТМД елдеріндегі жалғыз баспасөз клубы. Қазақстан Баспасөз клубы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары конфедерациясының, Қазақстанның ақпараттық технологиялар нарығына қатысушылар қауымдастығының, Қоғаммен байланыс жөніндегі Ұлттық қауымдастықтың, Қазақстанның журналистика академиясының құрылтайшысы және мүшесі, сондай-ақ, Мінсіз бизнесті жүргізетін кәсіпорындар қауымдастығының мүшесі.

Қазақстан Баспасөз клубының Коммуникациялық тобына Promo Group Communications агенттігі және медиа-саласына мониторинг және талдау жүргізетін жетекші агенттік кіреді.

Қазақстан Баспасөз клубы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және АҚШ сенаторы Хиллари Клинтонның жеке алғысымен марапатталған, сондай-ақ,  көптеген ұлттық және шетелдік компаниялардың, ҚР министрліктерінің, халықаралық ұйымдар мен өкілдіктердің алғас хаттарына ие.

Бізбен байланысу үшін:

Кері байланыс нысаны

Сауалыңыз немесе ұсынысыңыз бар болса, төмендегі үлгіні толтырыңыз. Біз сізге мүмкіндігінше жылдам жауап беруге тырысамыз.
Print Friendly
comments powered by HyperComments