Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Медиа-мониторинг

Бүкіл әлем бойынша әр секунд сайын мыңдаған мақала, блогшылардың жазбалары, телевизиялық сюжеттер жарияланып отырады. Бір адамның осындай ақпарат ағынын қадағалап отыруы іс жүзінде мүмкін емес. Алайда сіз шешім қабылдаумен айналысатын басшы, жобаға жауапты менеджер, өз саласының бүкіл беталысын қадағалап отыруға міндетті PR маманы немесе сарапшы болсаңыз, сіздің бизнесіңіз, даму стратегияңыз, келіссөздер кезіндегі жүріс-тұрысыңыз және тағы басқа іс-әрекеттеріңіз ақпаратты қаншалықты жылдам алатыныңызға байланысты болады.

Кәсіби медиа-мониторинг — компанияның БАҚ беттеріндегі бейнесін қадағалап, оны түзетіп отыруға, нарықтағы жағдайды біліп, бәсекелестердің қызметін талдауға мүмкіндік беретін заманауи пәрменді құрал.
Қазақстан Баспасөз клубы тәуелсіз Қазақстан аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг және талдау жасау қызметін бірінші болып ұсынған ұйым. Біз орталық және аймақтық газеттер, журналдар, телеарналар, ақпараттық агенттіктер мен әлеуметтік медиа таспаларына күнделікті мониторинг жасау арқылы тапсырыс берушілерге дайын ақпараттық өнімдерді ұсынамыз.

Біздің артықшылықтарымыз:

  • республикалық және аймақтық деңгейдегі 300 бұқаралық ақпарат құралына мониторинг жасаймыз;
  • 7 жыл бойы жинақтаған мәліметтер қорымыз бар;
  • мәліметтер қорымыз тәулік бойы жаңарып тұрады;
  • клиенттің сауалдарына жылдам жауап береміз;
  • қазіргі заманғы бағдарламалық жасақтамамен жабдықталғанбыз;
  • талдау жасау қызметіміз мықты.

Әрбір жекелеген жағдайда тапсырыс берушінің біздің алдымызға қойған міндеттеріне, оның тілегі, таңдаған тақырыбы, мониторинг жасау уақыты және тағы да басқа жағдайларға сәйкес бірегей қызмет қоржынын ұсынамыз.
Қазақстан Баспасөз клубы жоғары сапалы ақпараттық өнімнің үш түрін ұсынады:

  • Баспасөз құжаттамасы сіздің компанияңыз бен бәсекелестеріңіз туралы БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде не жазылғанын білуге мүмкіндік береді.
  • Тақырып бойынша шолу газет, журнал, телехабар, интернет-сайттар мен ақпарат агенттіктеріндегі мәліметтер негізінде құрылады. Бұл ақпаратты біздің мамандар саяси, экономикалық, әлеуметтік және тағы да басқа тақырыптар бойынша іріктеп, құрылымдайды.
  • Контенке талдау жасау қызметі арқылы өзіңізді қызықтыратын тақырыптың ақпарат беттерінде қанша рет жарияланғаны туралы, ондағы ақпарат қандай екпінмен жазылғаны туралы сандық ақпарат аласыз.

Өзіңіздің қызығушылығыңызды тудырған өнімнің тегін сынама үлгісін байқап көруге болады. Осы үлгіге қарап оның мазмұны сіздің жұмысыңыз үшін қаншалықты пайдалы екенін бағалай аласыз.

Байқап көргіңіз келе ме?
Бізге тақырыпты және/немесе негізгі сөздерді, мониторинг жасау уақыты мен ақпаратты жеткізудің мезгілін хабарлаңыз. Ол үшін өз өтінішіңізді біздің сату бөлімінің market@pressclub.kz электронды поштасына жіберсеңіз болды.
Егер сізге біздің кеңесіміз қажет болса, жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейінгі аралықта 7 (727) 264-67-37, 264-67-00, 264-67-70 телефонына қоңырау шалыңыз, біз сізге міндетті түрде көмектесеміз.

Print Friendly, PDF & Email