Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Контентті талдау

Контентті талдау — медиа-мониторингтегі қазіргі заманғы кең таралған әдістеме. Ол мәтіннің мағынасын зерттеуге арналған талдама әдісі. Осы әдістеме арқылы зерттелініп отырған тақырыпқа сәйкес сөздер немесе ұғымдардың мәтінде кездесуі анықталады.

Қазақстан Баспасөз клубы БАҚ беттеріндегі мәтіндерді зерттеудің цифрлік әдісін ұсынады. Контентті талдау әдісі зерттелініп отырған нысанның, сондай-ақ, мәтінге жағымды, жағымсыз немесе бейтарап реңк беретін семантикалық қатардың белгілі бір сипатының кездесу жиілігін анықтауға бағытталған. Бұқаралық ақпарат құралдары мәлімет алудың бір көзі ретінде оның тұтынушысының хабардар болу деңгейіне әсер етіп, қандай да бір пікір мен сенімді қалыптастыра алады. Сондықтан БАҚ беттеріндегі мәліметтердің контентіне талдау жасау маңызды.

Контентті талдау әдісі ақпараттық кеңістіктің сандық өлшемін алуға, медиа кеңістіктің сандық өзгерістерін бақылауға, жағымсыз ақпаратқа жылдам жауап беруге, шешімді қабылдау үшін өлшем нәтижелерін пайдалануға, БАҚ-мен тиімді байланыс құруға, қолданыстағы PR құралдарының тиімділігін қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

БАҚ-ның келесі төрт түрінде жарияланған мәліметтерді талдаудың негізінде контентке сандық талдау жасалады:
республикалық және аймақтық телеарналар;
республикалық, аймақтық, шетелдік баспасөз басылымдары (газет-журналдар);
интернет-сайттар;
отандық және шетелдік ақпараттық агенттіктер.

Контенке талдау жасау кезінде талдау нысаны (компаниялар, тұлғалар, оқиғалар, тақырып) төңірегіндегі медиа-кеңістік зерттеледі, бәсекелестерге талдау жасалады, мәліметке баға беріледі, медиа-кеңістіктегі өзгерістерге ықпал еткен оқиғалар анықталады. Контентті талдау арқылы медиа-кеңістіктегі қарқынды анықтауға, БАҚ-ның қандай да бір уақыт ішіндегі белгілі бір тақырыпқа қатысты белсенділігін талдауға, ақпараттық белсенділіктің ең жоғарғы нүктесінің басты оқиғалармен қиылысуын анықтауға болады.

Контентті талдау құрылымы зерттеу нәтижелерін қолданудың түпкі мақсатына байланысты. Тапсырыс берушінің қалауы бойынша біз бір компания немесе бір БАҚ деңгейінде жан-жақты терең зерттеу жүргізіп береміз. Зерттеу нәтижелері кесте мен диаграммалар берілген WORD құжаты түрінде ұсынылады. Барлық диаграммаларға талдаушы маманның түсіндірмесі беріледі, мақаланың қандай оқиғаға байланысты шығарылғаны, компанияның атап өтілгенін растайтын мақаладағы дәйексөздер келтіріледі.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments