Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Ақпараттық қолдау көрсету

«Егер сіздің оқиғаңыз жөнінде ешкім білмесе, демек оның болмағаны». Журналистика кеңінен өркендеген кезеңде пайда болған бұл қанатты сөз бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан емес. Қазақстан Баспасөз клубы кез келген іс-шараға ақпараттық қолдау көрсету бойынша қызметтің толық көлемін ұсынады. Біз тапсырыс берушіні қызықтыратын кез келген нысаналы топпен тиімді жұмыс істелуін қамтамасыз етеміз. Біз — еліміздегі  кез келген ауқымдағы және күрделілігі сан алуан міндетті атқара білетін ең тәжірибелі топпыз. Біз жұмыс ең үздік сапалы халықаралық стандарттар бойынша атқарылатынына әрқашан кепілдік бере аламыз.

Іс-шараны әзірлеу кезінде Қазақстан Баспасөз клубының білікті қызметкерлері ұйымдастырушыларға БАҚ және блогшыларрмен әріптестік қатынас жасау мәселесі жөнінде кеңес беріп, іс-шараны ілгерілетудің дұрыс стратегиясын әзірлейді, медиа саласының түрлі өкілдерін қызықтыра алатын ақпараттық себепті сауатты түрде жасап береді.

Біз құлақтандырма, баспасөз мәлімдемесі, баспасөз топтамасы секілді құжаттарды дайындап, оларды отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын қамтитын өзіміздің бірегей базамыз, Қазақстан Баспасөз клубы сайты, Facebook, Twitter таспасындағы беттер арқылы таратамыз. Қазақстан Баспасөз клубы іс-шараны мұрағаттық фото және видео таспаға жазып отырады.  БАҚ беттеріндегі және әлеуметтік желілердегі басылымдарға мониторинг жүргізіліп, өткізілген жоба бойынша ауқымды есептеме дайындалады.

Қазақстан Баспасөз клубы Алматыда өткен Давосс форумы, Астана Экономикалық форумы, Азиада, Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссия, Kazakhstan Open, Түркістанның 1500 жылдығын тойлау, Қазақстанның мұнай өнеркәсібінің 100 жылдығы сияқты ел ішінде өткен аса ірі іс-шаралар мен  Қазақстан аумағында өткізілген тағы да басқа айтулы халықаралық оқиғаларға ақпараттық қолдау көрсеткен.

Print Friendly, PDF & Email