Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасы және Ішкі істер департаменті «Темекі түтінінен еркін Қазақстан үшін» Ұлттық коалициясымен бірге қоғамдық орындарда және көлік ішінде темекі шегу жөніндегі шағымдарды тәулік бойы тіркеп отыратын «SkunsCamera» жедел желісін құрды.

Енді әрбір алматылық қоғамдық орындарда оның таза ауамен тыныс алу құқығы бұзылатын болса, тіпті түнгі уақытта болсын 302-83-83 телефонына қоңырау шалу арқылы өз шағымын қалдыра алады.

Қоғамдық орындарда, оның ішінде көлікте қорқор мен темекіні шегуге салынған тыйымның жаппай бұзылуы жедел желіні құруға себеп болды. Осыған дейін айтып өтілгендей, Алматының мейрамхана иелері темекіге қарсы заңнаманы бұзу бойынша көш бастап отыр, олар «темекі шегуге арналған орын» деп көз бояушылық жасап, темекі шегетіндерге арнап толықтай бірнеше залдарды беріп отыр.

Мәселен, жазғы рейдтердің нәтижелері мейрамхана иелері Алматы қаласын «темекі шегетін орынға» айналдырғанын айқын көрсетті: тексерілген 10 мекеменің 8-і қоғамдық орындарда темекі шегуге салынған тыйымды ашықтан ашық бұзып отыр. Қаланың тексерілген жеті ауданының ішінде заң бұзушылардың ең көп шоғырланған жері Медеу және Алмалы аудандары болып табылады, мұнда теңдей дәрежеде темекі мен қорқорды шегушілерді табуға болады. Осы ретте санитарлық дәрігерлердің індет жұқтыратын ұя деп таныған қорқорды шегушілер тобын негізінен жастар мен жасөспірімдер құрайды.

Сонымен қатар, телефонға келіп түсетін шағымдар «қара тізімдер» түрінде www.skuns.kz сайтында он-лайн тәртіпте орналастырылатын болады. Осы тізімдер полицияның тұрақты рейдтік тексеру шараларын өткізуге және айыппұл салуға негіз болмақ. Осы ретте шағым жасаушылардың аты-жөні және онымен байланысу туралы ақпарат сайтта КӨРСЕТІЛМЕЙДІ.

Сонымен қатар, Алматы қаласының Ішкі істер департаменті темекі шегуге салынған тыйымды қайта бұзған заңды тұлғаларға заңды бұзуға септігін тигізген себептер мен жағдайларды жою туралы ресми ұсынысты бере отырып, 40 АЕК мөлшеріндегі айыппұлмен жазалайтын болады. Үлкен мөлшердегі айыппұлға қоса, заңды қасақана бұзушыларға қоғамдық арнайы «анти-сыйлық» — «SkunsCamera» логотипі бар «қара таңба» жұртшылық алдында тапсырылатын болады. Қазіргі таңда Коалицияның «қара тізіміне» Алматы қаласының 100-ден астам мекемесі енгізілген, олардың ішінде «Cafeteria», «Бочонок» АВ мейрамханалар желісі, «Ассорти», «Vertolet», «Теплица» мейрамханалар желісі, «XO», «Skybar» барлары және басқа да ірі қоғамдық тамақтану мекемелері көш бастап тұр.

Сонымен қатар, іс-шараның әлеуметтік маңыздылығын арттыру үшін жедел желінің операторлары ретінде үйінен шыға алмайтын, алайда өзінің жұмысы арқылы қаланың өміріне қатысып, оған әсер ете алатын 1 топ мүгедектері жұмысқа тартылған.

Жедел желіні ұйымдастырушылар жақын уақытта рейдтік іс-шараларды күшейтіп, қаланы темекі мен қорқордың түтінінен «тазартуға», ал «SkunsCamera» «анти-сыйлығын» мейрамхана бизнесінің «тазалығы мен адалдығының» белгісіне айналдыруға ниетті.

PS: Коалицияның көзқарасы бойынша әдетте заңды қасақана бұзушы (мейрамхана иесі) айналасындағыларды жағымсыз иісімен тұншықтыратын орташа өлшемді түнгі жыртқыш аң — тарбағанға ұқсайды.
www.nosmoke.kz

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments
Best Writing Service
2017-02-04 00:39:40
<strong>Best Writing Service</strong> Get an expert academic writing assistance! We can write any post on any subject within the tightest deadline.
Best Writing Service
2017-02-07 06:22:18
<strong>Best Writing Service</strong> Get an expert academic writing assistance. We can write any paper or post on any subject within the tightest deadline.
Get your documents written perfectly
2017-07-01 08:15:17
<strong>Best Editing Service</strong> The amount of written content has been growing exponentially recently, and it's no wonder. For students, writing is an inseparable part of college and university assignments; for businesses, online publishing is a way to reach customers. The need for&#8230;