Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

11,5 млн. теңге «Rixos Borovoe 2013» қайырымдылық веложарыс қатысушыларынан жиналды.

Бұл қаражат Көкшетау қаласындағы Облыстық перинаталды орталықтағы балалар жансақтау бөліміне қажетті жабдықтар сатып алынады.

Шортанды-Бурабай шипажай аймағында олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың, сондай-ақ, ірі қазақстандық және шетелдік компаниялардың топ-менеджерлері мен мемлекеттік мекеме өкілдерінің қатысуымен «Rixos Borovoe — 2013» қайырымдылық веложарысы өтті.  Веложарысқа 130-дан аса адам қатысты.

Веложарысты Ақмола облысы Әкімдігінің қолдау көрсетуімен «Rixos Lake Borovoe» қонақ үйі «Аяла» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып ұйымдастырып отыр.  Веложарыс трассасының ұзындығы 30 шақырым созылған. Алайда, бірнеше қатысушы бұл қашықтықты екі мәрте айналып өтті.

Науқанның мақсаты «Қазақстанның Швейцариясы» аталатын Шортанды-Бурабай шипажай аймағындағы экологиялық туризмді дәріптеу, сондай-ақ, Көкшетау қаласындағы Облыстық перинаталдық орталықтың балалар жансақтау бөліміне арналған жабдыққа қаржы жинау болып табылады. Көкшетау қаласының Облыстық перинаталдық орталығы және оның жансақтау бөлімі көптен бері заманауи жабдықты қажет етуде. Жыл сайын осында 4000-нан аса әйел босанады.

Шала туған сәбилер шетінеген нәрестелердің шамамен 80%-н құрайды. Нәрестелердің өлім-жітім көрсеткіші 1,5%-ды құрайды, осы ретте өлім-жітім себебінің ішінде тыныс алудың бұзылу синдромы айтарлықтай үлеске ие.

Қазір Облыстық перинаталды орталықтағы жансақтау бөліміне тыныс алу аппараттары, шприцті мөлшерлегіштер, рентген аппараты, инфузиялық дозатор жалпы құны 11,5 млн.теңге көлеміндегі жабықтар қажет.

Олимпиада чемпионы, «Astana ProTeam» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровтың айтуынша: «Осындай спорттық шара өтетіндігін ести сала мен бірден келістім. Неге? Біріншіден, маңызды мақсат – облыстық ауруханадағы перинаталды орталыққа қаражат жинау. Екіншіден, керемет идея – велосипед спортын ұнататын түрлі азаматтардың басын біріктіру. Үшіншіден, керемет жер – Бурабай бұл өзінің ерекше табиғаты мен шипалы ауасы бар жер».

Rixos отелінің халықаралық желілерінің даму жөніндегі вице-президенті Волкан Шимшек былай деді: «Бурабайда бірінші рет осындай көп велосипедшілер жиналуда. Біз о бастан бұл веложарысты қайырымдылық шарасымен байланыстырмақ едік, осылайша үлкен қуанышпен «Тыныс ал, балақай» жобасын таңдап алдық. Веложарыстың нәтижесінде қатысушылардың көңіл күйлері көтеріліп қана қоймай, Ақмола облысындағы ондаған нәрестенің өмірін сақтап қалатындығымыз қуантарлық жайт».

Веложарыс қатысушылары жекелей қаржылық жәрдем жасады. Корпоративті қайырымдылық жәрдемді бірқатар ірі компаниялар жасады: Beeline Kazakhstan, Altyntau Resources, «Верный Капитал», Forte Bank, банк Kassa Nova және тағы басқалар. Сонымен қатар, қайырымдылық бәссауда өтіп, лотқа «Rixos Lake Borovoe» қонақ үйінің ұсыныстары мен Александр Винокуровтың заттары , атап айтқанда бірнеше мәрте жеңіске жеткен оның велосипеді қойылды. Нәтижесінде, олимпиада чемпионының заттары шамамен 5 млн.теңгеге сатылды.

Осылайша, қайырымдылық шарасы барысында бас-аяғы 11,5 млн. теңге жиналды. Бұл Көкшетаудағы перинаталдық орталыққа қажетті жабдықтарды сатып алуға жетерлік қаражат.

Барлық жиналған қаражат «Аяла» республикалық қайырымдылық қорына аударылады. Бұл қор осымен 6 жыл қатарынан «Тыныс ал, балақай» жобасы аясында Қазақстандағы перинаталды орталықтарды жабдықтаумен айналысып келеді.

«Аяла» республикалық қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді Сәрсеновтың айтынша: «Тыныс ал, балақай» жобасы қордың басты жобаларының бірі болып табылады. Бүгінде көптеген маңызды жұмыстар атқарылды. Веложарыс нәтижесінде жиналатын ақшаға алынатын медициналық жаңа жабдықтар Көкшетау қаласындағы облыстық перинаталды орталықтағы жансақтау бөлімін жабдықтап, салмағы 1000 граммға жетпейтін шала туған нәрестелердің өмірін 5 есе сақтап қалады».

Осы веложарысты өткізу Ақмола облысындағы сәбилердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге, Қазақстан ішіндегі туризмге, өз туған жерінде жайлы әрі есте қалатын демалысты өткізуге арналған жоғары деңгейдегі қызметтің мүмкіндіктеріне отандық бизнестің таңдаулы тобының назарын аударуға септігін тигізеді.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments