Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Қарағандыда «Ең үздік абаттандырылған бизнес нысаны» қалалық байқауы қорытындыланды

2013 жылдың 23 тамызында Қарағандыда Қазыбек би атындағы ауданның «Ең үздік абаттандырылған бизнес нысаны» қалалық байқауының жеңімпаз компанияларын марапаттау салтанаты өтті. Байқау 2013 жылдың 1 мамырынан 12 тамызына дейінгі аралықта бірінші рет өткізілді.

Байқауды Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан Әкімінің аппараты және Эфес Қазақстан қол қойған Меморандум шеңберінде қала әкімдігі мен компания ұйымдастырды.

Байқау шағын кәсіпкерлік нысандарына іргелес жатқан аумақтарды кешенді абаттандыру, қаланың сыртқы көрінісін жақсарту, сондай-ақ, сәулет қызметі мәселелеріне қатысты бастамалар мен шығармашылықты ынталандыру мақсатында өткізілді.

Құрамына Қазыбек би атындағы аудан Әкім аппараты, Қарағанды қаласының Сәулет және қала құрылыс бөлімі, «Эфес Қазақстан» компаниясының өкілдері кірген байқау комиссиясы нысанның сыртқы қасбеті, сәулеттік шешімдері, санитарлық жағдайы, сәулеттік көмескі жарығы, жарнама, жас көшеттердің, қатты төсемдердің болуы, гүлзарлардың безендірілуі және т.б. қатаң өлшемдер бойынша байқау нысандарын бағалады.

Қазыбек би атындағы аудан аумағында нысандары орналасқан барлығы 16 қала кәсіпкері байқау комиссиясына өтінімдерін берді. Олардың арасында сән салондары, кафе, студиялар және т.б. болды.

Байқау комиссиясы екі аталымды жариялады. Байқау қорытындысы бойынша құзыретті қазылар алқасы әр аталым бойынша 3 (үш) жүлделі орынды белгіледі:

«Аманат» аталымына 2013 жылдың басына дейін іргелес жатқан аумақтарды абаттандырған кәсіпкерлер қатысты. Орындар келесідей үлестірілді:
1 орын — «Эллада» сән салоны, Степной-2 ш-а, 28 үй.
2 орын — «Coffein» кафесі, Әбдіров даңғ., 32
3 орын — «Стиль декор» перделер салоны, Мир бульвары көш., 9.

«Бастау» аталымына байқауды өткізу кезеңінде іргелес жатқан аумақтарды абаттандырған кәсіпкерлер қатысты:
1 орын -«Виола»дизайн-студиясы, Н. Әбдіров даңғ., 35
2 орын — «Bienvenue» француз ас үйі, Н. Әбдіров даңғ., 9
3 орын — «Bell» сән салоны, Ленин көш., 20.

Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен дипломдар, ал байқаудың барлық қатысушыларына алғыс хат пен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Аталған байқаудың өткізілуі Қазыбек би атындағы аудан Әкім аппараты мен «Эфес Қазақстан» компаниясы арасындағы Меморандум шеңберінде жоспарланған іс-шаралардың қисынды қорытындысы болып табылады. Осыған дейін «Эфес Қазақстан» ЖК АҚ-ның қолдау көрсетуімен Қазыбек би атындағы ауданда 3 сауда орны абаттандырылып, Аула футбол лигасы өткізілді.

«Осы байқауды өткізу қаламыздың сыртқы көркі үшін үлкен мәнге ие. Әсіресе бұл 2014 жылы өткізілетін Қарағанды қаласының 80 жылдығын тойлау қарсаңында аса маңызды. Бизнес өкілдерінің ортақ іске өз әлеуметтік үлесін қосып отырғаны қуантады. Қалалық байқауға белсенді қатысқан қала кәсіпкерлеріне алғысымызды айтамыз», — деп атап өтті Қазыбек би атындағы аудан әкімі Рүстем Қабжанов.

«Қарағанды «Эфес Қазақстан» үшін ерекше мәнге ие, өйткені біздің компанияның тарихы осы қаладан бастау алды. Сондықтан біз қаланы көркейтуге және оның тұрғындарына қолайлы жағдайды жасауға бағытталған жобаға қуана қатысып отырмыз», — деді «Эфес Қазақстан» ЖК АҚ Корпоративтік қатынастар департаментінің директоры Шыңғыс Қаскеев.

Өткізілген байқау шеңберінде барлығы шамамен 2000 шаршы метр аумақ абаттандырылды, соның ішінде 900 м.2 тас төсеуіштер төселді, шамамен 600 м.2 көгал алаң мен гүлзар абаттандырылып, 49 ағаш отырғызылды, 37 шағын сәулеттік нысан орнатылды.

Print Friendly
comments powered by HyperComments