Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Шағын бизнес POS — терминалдарға мораторий енгізуді қолдайды

2012 жылдың маусымында «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» Заңға түзетулер енгізілді. Осы түзетулерге сәйкес жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері сауда мен қызмет көрсететін орындарда төлем кәртішкелерін қолдана отырып төлем қабылдауға арналған жабдық – POS-терминалдарды орнатуы тиіс. Бұл өзгерістер 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

Оңайлатылған мағлұмдама бойынша иеқұжат негізінде жұмыс жасайтынжеке кәсіпкерлер бұл міндеттеме аясына кіргізілмеген, оларға арнайы салық тәртібі қолданылады. Олар 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін терминалдарды орнатуы тиіс. Мұндай кәсіпкерлердің басым көпшілігі, яғни 90 пайыздан көбісі базарларда жұмыс жасайды. Сонымен қатар, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен сауда базарлары аумағында жайма сөрелері, көлік дүңгіршектері, шатырлар, дүңгіршектер, контейнер арқылы сауда жасайтындар үшін бұл міндеттеме бір жылға кейінге шегерілген.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекске өзгерістер енгізілді. POS-терминалдарды орнатпағаны үшін жеке кәсіпкерлерге 40 АЕК (69240 теңге) мөлшерінде, ал шағын және орта бизнес объектісі болып табылатын заңды тұлғаларға 60 АЕК (103860 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Қолма-қол ақшасыз есептесуді ынталандыруға бағытталған бұл нормалар көлеңкелі табысты алуға қарсы тұруға, жемқорлық құбылысымен күресуге көмектесуі тиіс екені түсінікті.

Алайда іс жүзінде заңнама нормаларын кәсіпорындар объективті және де субъективті себептерге байланысты орындай алмайтынын көріп отырмыз.

ҚР Үкіметінің Қаулысын орындауға ықпал ететін мәселелер

Банктер қысқа мерзім ішінде (2 айдан ерте емес) кәсіпорындардың өтінімдері бойынша жабдықты ұсынуға дайын емес.

Банктер бір ай ішіндегі қаржы айналымының ең аз көлеміне (200-600 мың теңге) және ай сайынғы транзакция санына (шамамен 50) қатысты шарттарды қойып отыр. (Үш ай ішінде осы шарттарды орындамаған жағдайда жабдық қолданыстан алынып тасталады). Шағын бизнеске жататын кәсіпорындардың көпшілігі бұл шарттарды орындай алмайды.

Транзакциялар бойынша комиссия деңгейі жоғары (3-4 пайыз).
Банктердің өзі бірыңғай процессинг орталығын құру туралы жаңа жоспарға байланысты, сонымен қатар, POS-терминал және банкомат желісінің ҚР Ұлттық банкі меншігіне өтуіне байланысты жабдықты сатып алуға мүдделі емес.
Қазіргі күні 13 банкте процессинг орталықтары бар екенін атап өту керек.
Қазақстан тұрғындарының айтарлықтай бөлігі тауарлар мен қызметтерді төлем кәртішкелері арқылы төлеуге қазіргі күні дайын емес. Халықтың 20%-ы ғана қолма-қол ақшасыз төлемдерді жасайды.

Қазіргі күні Қазақстанда шағын және орта бизнеске жататын 1 млн. 400 мың кәсіпорын тіркелген. Олардың ішінде 700 мыңнан астам кәсіпорын ғана іс жүзінде жұмыс жасайды.

Барлығы шамамен 40 мың POS-терминал орнатылған, олардың әрқайсысының құны орта есеппен алғанда $350 тұрады. Осы ретте төлем кәртішкелері тек 13462 сауда нүктесінде қабылданады.

Осыдан сәйкесінше келесідей сауал туындайды: ҚР Үкіметі қалған 660 мың кәсіпорынды қалай жабдықпен қамтамасыз етпек? Іс жүзінде орындалуы мүмкін емес осындай заңдарды асығыс қабылдаудың не қажеті бар еді?

Бірыңғай процессинг орталығынсыз ел ішінде жаппай POS-терминалдарды ендіру мүмкін емес. Ең бастысы, аталған терминалдарды қолдану үшін алынатын пайыз мөлшерін 0,5 пайызға дейін төмендетпейінше, POS-терминалдарды ендіру мемлекеттің, сонымен бірге, кәсіпкерлердің қаржысын парықсыз жұмсау болып табылады. Сарапшылардың бағалауы бойынша ел бюджеті үшін Ұлттық банкінің бұл бастамасы 357 млн. доллар қаржыға түспек.

Print Friendly
comments powered by HyperComments