Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Қазақмыс Директорлар Кеңесіндегі өзгерістер туралы хабарлайды

Қазақмыс Тобы Филип Айкеннің 2013 жылғы тамыз айының соңында ДК құрамынан кететіндігі жөнінде хабарлайды. Филип Айкен алты жыл бойы Атқарушы емес директор болды. Соның ішінде төрт жыл бойы Аға тәуелсіз директор және Қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Комитеттің Төрағасы қызметін атқарған.

Жаңа Тәуелсіз атқарушы емес директордың тағайындалғаны туралы ақпарат тиісті тәртіппен жарияланатын болады. Аға тәуелсіз директор қызметін Майкл Линч-Белл атқарады, ал Қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Комитеттің Төрағасы қызметіне 2013 жылдың маусым айында Чарльз Уотсон тағайындалған болатын.

Қазақмыс Тобы Директорлар Кеңесінің атқарушы емес Төрағасы Саймон Хил былай деп мәлімдеді: «Топтағы көпжылдық еңбегі үшін, Директорлар Кеңесі қызметіне қосқан зор үлесі үшін, әсіресе қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау мәдениетін дамыту ісіндегі маңызды ролі үшін Айкен мырзаға үлкен алғыс айтамын. Оның өнеркәсіп пен табиғи ресурстар саласындағы білімі мен тәжірибесі бізге көп көмектесті».

Өз кезегінде Филип Айкен былай деп мәлімдеді: «Қазақмыс Тобындағы алты жылдық жұмысым менің өмірімдегі ең маңызды кезең болды. Біз ENRC корпорациясындағы акциялар үлесімізді  сату жөнінде келісім-шарт жасадық, жаңа Тәуелсіз төрағаны тағайындау процесін аяқтадық, сондай-ақ менің басқа компаниялардағы міндеттерімді ескере отырып, енді отставкаға кетуге де болатынын түсіндім. Қазақмысқа бар жақсылықты тілеймін және компанияның бұдан әрі дамуын қызығушылықпен бақылап жүремін».

Print Friendly
comments powered by HyperComments