Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Қазақмыс 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметінің нәтижелерін жариялады

Қазақмыс бірінші жарты жыл ішінде жылдық жоспарға сай келетін тұрақты өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізді. Қаржылық нәтижелерде металлдар бағасының төмендеуі мен өндірістің өзіндік құнының артуы көрініс тапқан.

2013 жылдың бірінші жартысында өткізілген мыс өнімдерінің көлемі 38 мың тоннаға артты. Бұл металлдар бағамының төмендеуінің орнын толтырып, өткізуден түскен кірістің 1 571 млн. АҚШ долларына дейін өсуіне себеп болды. 2013 жылдың жарты жылдығында өткізілген мыстың орташа бағамы 2012 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткішпен (тоннасы үшін 8 253 АҚШ доллары) салыстырғанда төмендеп, тоннасына 7 508 АҚШ долларын құрады. Өткізу мөлшері аса жоғары өндіріс көлемінің және дайын өнімдер көлемінің қысқаруы есебінен өсті.

Сегменттік EBITDA (ерекше баптарды қоспағанда) 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы 679 млн АҚШ долларымен салыстырғанда, 438 млн АҚШ долларын құрады. Шығындардың өсуі салдарынан өткізуден түскен кірістің артуы байқалмады.

2012 жылдың 31 желтоқсанындағы 707 млн АҚШ долларымен салыстырғанда, таза қарыз есепті кезеңнің соңында 1 260 млн АҚШ долларына дейін өсті. 2013 жылдың екінші жартысында ENRC-мен жасалған келісімнен түсетін түсімдерді есептемегенде, таза қарыз артады деп болжанып отыр. Бұл Топтың өндірісін ұлғайтуға бағытталған жобаларға инвестиция жұмсаудың қарқынды кезеңіне көшумен байланысты.

Топ жыл соңына қарай, ENRC-дегі өз үлесін сатудан 875 млн АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша алуды болжап отыр. Бұл таза қарызды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді және басшылық қаржы ағындарын жақсартуға, оңтайландыру бағдарламасы есебінен балансты нығайтуға бағытталған шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Өнім бірлігіне келетін жалпы ақшалай өзіндік құны 5 пайызға өсті. Өнім бірлігіне келетін жалпы ақшалай өзіндік құны 2013 жылдың бірінші жартысында мысты өткізудің аса жоғары көлемдерімен ұсталып отырды. Іліспе өнім құнының төмендеуі салдарынан өнім бірлігіне келетін жалпы ақшалай өзіндік таза құн 2012 жылғы бір тоннасы үшін 3 991 АҚШ долларынан 5 116 АҚШ долларына дейін өсті.

Шығыстардың инфляциясы қалыпты ахуалына түсіп келеді, алайда аса жоғары өзіндік құн мен металлдардың бағамдары төмендеуінің үйлесімі тау-кен өндіруші кәсіпорындардың ақшалай қаражаттарды генерациялауын қысқартты.

2013 жылдың бірінші жарты жылында Қазақмыс Тобы барлық негізгі деген металлдардың жоғары өндіріс көлемдеріне қол жеткізді. Мысты өндіру және өткізу өсімінің қалыпты келешегі сақталып отыр. Мыстың бағамы әлемдік өнеркәсіптік қызметтің қысқаруымен сәйкесінше төмендеді, алайда мысқа деген нақты сұраныс бұрынғысынша сақталып қалып отыр.

Бозшакөл жобасын игеру 2013 жылдың бірінші жартысында жалғаса түсті. Жабдықтардың негізгі бөлігін сатып алу ісі аяқталды. Құрылыс жұмыстарының көлемі кеніштік әрі өзге де инфрақұрылымға арналған бетон іргетастарды тұрғызуды және металлконструкцияларды қамтыды. Ірі ауқымды жабдықтарды жеткізу ісі жүргізілуде. 2013 жылы болжамды капиталдық шығындар 500-600 млн АҚШ долларын құрамақ.

Ақтоғай кен орнында даярлық жұмыстары жабдықтарды жеткізумен әрі қызметкерлер үшін және қосалқы жұмыстарға арналған уақытша нысандарды тұрғызумен жалғасын тапты. Дайындық жұмыстары қалыпты нысандарда да жүргізілді, сондай-ақ тотыққан руда қайта өңделетін сілтілеу жөніндегі алаңда даярлық жұмыстары жүргізілмек. Детальдық инженерлік жұмыстар Бозшакөл жобасының инженерлік дайын машықтары негізінде жүргізілді. Жобаның кестелерінің шегерілу қатерін төмендету үшін жобаға қажетті деген жеткізілім мерзімдері ұзаққа созылатын жабдықтарға тапсырыстар берілді.

«Осы жылдың басы өндірістік жоспарды орындау есебінен және шығыстардың инфляциясы күтілген деңгейден төмен болуының арқасында тұрақты көрсеткіштермен сипатталады. Ресурстарды басқаруды жетілдіру арқылы мыс өндірісін қолдауға бағытталған қажырлы еңбегіміз өз жемісін беріп отыр, әрі біз мыс өндірісінің жылдық көлемінің күтілетін диапазонындағы биік деңгейіне қол жеткізуге тиіспіз. Жыл ішінде біз қолданыстағы өндірістен келетін ақшалай қаражаттың қозғалысын арттыруды және ірі өркендеу жобаларымызды дамытуды жалғастырамыз»,- деп мәлімдеді Басқарушы бас директор.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments