Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Алтын жүректі адамдарды іздейміз

Осымен жетінші жыл қатарынан жыл сайынғы Ұлттық қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығы Қазақстанның әлеуметтік өміріндегі ең ауқымды әйгілі қайырымдылық жобаларының бірі болып келеді.

Әр уақытта Отанына қызмет ету және мұқтаж жандарға көмек қолын созу қызмет ету ортасына, табысына және мамандығына тәуелсіз әрбір адам үшін адамгершіліктің жоғары нышаны болып табылады. «Алтын Жүрек» ар-намысының жетегінде өз қара басының қамы үшін емес, мұқтаждың қамына жаны ауыратын азаматтар үшін құрылған сыйлық.

Өтініштерді қабылдау 30 қыркүйекке дейін жалғасады, алайда қазірдің өзінде қабылданған өтініштердің саны өткен жылдармен салыстырғанда көбірек екені көңіл қуантады. Бұл жайт жыл сайын ақ ниетті «Атымтай жомарттардың» саны ұлғайып жатқандығының көрсеткіші.

«Алтын Жүрек» сыйлығының лауреаттарын анықтау үшін, қабылдап, қарастырып, өткізілген құжаттардың шынайылығына көз жеткізетін арнайы ұйымдастыру алқасы тағайындалады. Өзгермейтін ереже: қатысушылар өз кандидатураларын ұсына алмайды. Құжаттар мұқият тексерістен өткеннен кейін қазылар алқасы жеңімпазды анықтайды. Ағымдағы жылда қайырымдылық саласына және әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға барынша ауқымды үлесін қосқан номинанттар жеңімпаз аталады.

Жыл сайын сыйлық 11 номинация бойынша табысталады:
1. «Жетім балаларға көмек көрсеткені үшін» номинациясы
2. «Білім саласына қолдау көрсеткені үшін» номинациясы
3. «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы
4. «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін» номинациясы
5. «Ардагерлерге көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы
6. «Жыл меценаты» номинациясы
7. «Ақпараттық қолдаушы» номинациясы
8. «Жыл қайырымгері» номинациясы
9. «Жыл ұйымы» номинациясы
10. «Денсаулық саласына қолдау көрсеткені үшін» номинациясы
11. «Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясы

Өзіңіз білетін, мейірімділігі мен жомарттығы баршаға аян, айналасына жақсылық жасай алатын адамды білетін болсаңыздар, «Алтын Жүрек» сыйлығының сайтындағы арнайы нысан арқылы сол адамды сыйлыққа ұсына аласыздар.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments