Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Қазақмыс 2013 жылдың алты айы мен екінші тоқсанындағы өндірістік есебін жариялады

Меншікті шикізаттан өндірілген катодты мыс мөлшері 2012 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 7 пайызға, яғни 144 мың тоннаға дейін өсті. Бұл жоспарлы жылдық көрсеткішке сәйкес келеді. Кен құрамындағы металлдың тұрақты көрсеткіші, кен өндіру мен өңдеу процесінің үздіксіз жүргізілуі мыс өндірісіне оң әсер етті.

Іліспе өнімдерді өндіру де жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Концентраттағы мырыш өндірісі 63 мың тонна деңгейінде. Ауқымды кен көлемін өңдеудің және айырып алу коэффициентінің жоғары болуының арқасында 7,1 млн унция күміс өндірілді. Алтын өндірісінің жалпы көлемі 51 мың унцияны құрады.

Есепті кезең ішінде Екібастұз ГРЭС-1 электрстанциясы өндірген таза өнім мөлшері 6 589 ГВтсағ-қа жетті. Бұл ішкі нарықтағы сұраныстың төмендегенін көрсетеді. Өткізілген электрқуатының орташа сараланған тарифі кВтсағ-на 6,42 теңгеге дейін өсті.

«Біз жылдың бірінші жартысында жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Ал үздіксіз өндіріс пен кен құрамындағы металлдың тұрақты көрсеткіші жылдық өндірістік жоспарымызды орындайтындығымыздың кепілі болып табылады. Қазіргі уақытта қаражатты қордалап, өндірістің тиімділігін арттыру мақсатымен өндірістік қызметіміз бен активтерді қайта қарап, талдау жасап жатырмыз»,- деп мәлімдеді Қазақмыс Тобының басқарушы Бас директоры Олег Новачук.

Мыс өндірісі

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments