Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Екібастұз ГРЭС-1-де жаңа технологиялар енгізілуде

Екібастұз ГРЭС-1 станциясы алғашқылардың бірі болып электрстанцияның химиялық жолмен су тазарту (ХСТ) жүйесін қалпына келтіру жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба құны 3 млрд теңгеден асады және ол Екібастұз ГРЭС-1 станциясының кең ауқымды инвестициялық бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Жөндеу жұмыстары 2012 жылдың төртінші тоқсанында басталған, ал жаңа жабдықтарды орнату ісі осы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Қалпына келтіру барысында ХСТ жүйесі жаңа мембраналық технологияларға көшеді. Ал бұл өз кезегінде тұзсыздандырылған суды химиялық жолмен даярлау жүйесі жұмысының сенімділігін арттырып ғана қоймай, операциялық шығындарды да төмендетуге мүмкіндік береді. Тазартылған судың сапасы жақсарады, яғни оның кермектілігі мен электр өткізгіштігі кемиді.

Қазір тұзсыздандырылған су даярлау жөніндегі цехтың аумағында демонтаждау жұмыстары мен жабдықтардың бөлігін құрастыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұған қоса бетон тұғырларды төсеу мен ХСТ жабдықтарын коррозиядан қорғау жұмыстары жүргізілуде.

«Кәсіпорын қызметінен қоршаған ортаға келетін зиянды әсерді азайту – станцияның бар ұжымы үшін маңызды міндет. Біз аймағымыздың экологиялық жағдайын жақсартуға, станциядағы жабдықтардың беріктігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа технологиялардың пайда болғанына қуаныштымыз», — деп мәлімдеді Екібастұз ГРЭС-1 Бас директоры Рысқан Свамбаев.

Тұзсыздандырылған судың химиялық жолмен су тазарту жүйесі ионды-алмасу шайырымен 30 жыл бойы, яғни 1979 жылдың қараша айынан бері жұмыс істеп келді. Кәсіпорын жаңартылған ХСТ жүйесінің арқасында қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін қауіпті, зиянды және қымбат тұратын химиялық реагенттерді пайдаланудан бас тарта алады.

Print Friendly
comments powered by HyperComments