Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Қазақмыс — аймақаралық ынтымақтастық жөніндегі республикалық форумның негізгі серіктесі

Қазақмыс компаниясы «Қуатты аймақтар – қуатты Қазақстан» республикалық өңіраралық форумының негізгі серіктесі болып отыр. Форумға Шығыс Қазақстан, Алматы, Павлодар және Қарағанды облыстары атсалысты. Өскемен қаласында өтіп жатқан форумның жұмысына Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Серік Ахметов, облыс әкімдері, орталық атқарушы органдардың өкілдері мен отандық компаниялардың басшылары қатысты. Форумның аясында Қазақмыс отандық компаниялармен ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдар жасасады деп жоспарланған.

Қазақмыс компаниясы елдің тау-кен металлургиялық секторындағы компаниялардың арасында қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі көшбасшылардың бірі болып отыр. 2012 жылдың 12 айы ішінде компания жалпы сомасы 252 млрд теңге сомасына тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алды. Олардың ішіндегі тауарлар сомасы 134 млрд теңге, жұмыстар мен қызметтер сомасы — 118 млрд теңге болды. Бұл ретте, Қарағанды облысы бойынша жалпы сатып алу 105 млрд теңгені құрады, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 17 млрд теңге және Павлодар облысы бойынша – 6,5 млрд теңге болып отыр. 2011 жылдағымен салыстырғанда, жалпы сатып алу 57 млрд теңгеге көбейген, ал қазақстандық үлестің ара-салмағы жалпы сатып алулардың 62 пайызын құраған.

Бүгінгі күні Қазақмыс компаниясы форумға қатысушы 3 облыста қызметін жүргізіп отыр. Компанияның негізгі өндіріс нысандары Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында шоғырланған. Оның үстіне, компания екі жобаны, яғни ШҚО-дағы Ақтоғай кен орнын және Павлодар облысындағы Бозшакөл кен орнын игеру жобаларын іске асырып келеді.
Қазақмыс әлемдегі өз құрылымында байланыс орнатқан аздаған мыс өндірушілердің бірі болғандықтан компания негізгі және қосалқы өндірістерінде, оның ішінде құю және машина жасау кәсіпорындарында өз шикізатынан жасалған әрі өзінің және өзгелердің қажеттілігін қанағаттандыратын түрлі өнімдерді шығаруды жолға қойды. Олардың арасында мыс және эмаль өткізгіштер, құрамдас және қосалқы бөлшектер бар.

Соңғы 3 жылда Қазақмыс бұрында алыс-жақын шет елдерден импортталатын өнімдерді шығару және әрекет ететін кәсіпорындарды жаңғырту мақсатымен 10 астам отандық кәсіпорындарға қайтарымды негізде 630 млн. теңге мөлшерінде ақшалай қаражат ұсынды. Осындай көмекке ие болғандар арасында Павлодар және Қарағанды облыстарында жұмыс істеп отырған «Ритам Павлодар» ЖШС, «Format Match Company» ЖШС, «Казэнергокабель» АҚ, «Сварко» ЖШС, «Компания Bayan» ЖШС, «Гелисханова» ЖК бар. 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, ірі габаритті карьерлік KAZAKHMYS PLC 6TH FLOOR CARDINAL PLACE 100 VICTORIA STREET LONDON SW1E 5JL Tel: +44 (0) 20 7901 7800 Company registered in England and Wales Company Number: 5180783 техниканы шығару мен оған қызмет көрсету, шиналарды жөндеу мен қалпына келтіру, энергоқазандықтарды жаңғырту жөніндегі бірқатар бірлескен кәсіпорындар құрылды. Сондай-ақ, аутсорсинг үлгісіндегі серіктестік дамытылуда. Осы үлгімен жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарда келесі қызмет түрлері қолға алынған — «Ютария LTD» ЖШС – арнайы киімдерді шығару және жеткізу, «ПроСервис Восток» ЖШС – компания қызметкерлеріне арналған емдік-алдын алу тамақтану, «Интеллпром» ЖШС – натрий бутилды ксантогенатты шығару. Аталған кәсіпорындарда — 9 мыңға жуық еңбек етуде.

«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің Басқарма Төрағасы Эдуард Огай былай деп мәлімдеді: «Үкімет басшысының қатысуымен өткізіліп отырған осы аймақаралық ынтымақтастық жөніндегі форумға серіктес болу – біз үшін үлкен құрмет. Қазақмыс, компанияның қызметін жүргізіп отырған аймақтардағы қазақстандық өндірушілерді қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі күні бізде сатып алулардың орталықтандырылған айқын жүйесі бар, қазақстандық ынталы жеткізушілерді хабардар ету үшін сатылып алынатын тауарлардың каталогтары жасалды. ШОБ қолдау жөніндегі қадамдардың бірі — өндірістерді жаңғырту, сапаны жоғарылату, өнімдер түрлерін ұлғайту және жаңа өткізу нарықтарын меңгеру мақсатымен тапсырыстардың кепілдендірілген көлемдері».

Қазақмыстың қолдауымен Жезқазған және Балқаш өңірлерінде Кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілер қауымдастықтары құрылған. Қазіргі уақытта олардың құрамында жалпы 5400 адам жұмыс істейтін 99 кәсіпорын кіріп отыр. 2013 жылдың бірінші жарты жылының өзінде 120 жаңа жұмыс орны құрылды.

Print Friendly
comments powered by HyperComments