Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Журналистер арасындағы «Электр энергиясы. Жарық, жылу және үйіңіздің жайлылығы» тақырыбындағы республикалық байқау

«Самұрық энерго» АҚ және «Қазақстан Баспасөз клубы» АО ҚБ ҚР журналистері арасында «Электр энергиясы. Жарық, жылу және үйіңіздің жайлылығы» тақырыбындағы республикалық байқаудың басталғаны жөнінде хабарлайды.

Байқаудың мақсаты – республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанның барлық салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін энергиямен жабдықтаудың тиімді жүйесін қалыптастырудың маңыздылығын кеңінен насихаттау.

Байқау ҚР БАҚ журналистері арасында үш номинация бойынша өтеді

  • баспа бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік материал (1, 2 және 3 орын);
  • үздік телевизиялық материал (1, 2 және 3 орын);
  • интернет бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік материал (1, 2 және 3 орын).
  • радиодағы үздік материал (1 орын).

Байқаудың жеңімпаздары Алматыда өтетін марапаттау салтанатында бағалы сыйлықтарға ие болады.

Барлық материалдар Байқаудың ұйымдастырушыларына 2013 жылдың 15 қарашасына дейін келіп түсуі тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен құжаттар мен жұмыстар Байқауға қатыстырылмайды. Мерзім Байқаудың қазылар алқасы материалдарды алған күнімен анықталады.

Байқауға қатысу туралы өтінім және қатысушы туралы ақпарат Байқау ұйымдастырушысының кеңсесінде мына мекен жай бойынша қабылданады: 050059, Алматы қаласы, «Самал 2» ықшамауданы, 58 үй, «Қазақстан Баспасөз клубы» Ақпараттық орталығы ҚБ.

Байқауға қатысушы Өтінімі қабылданғаны жөнінде электронды поштасына немесе факс бойынша растама алу үшін мына электронды поштаға және телефон номерлеріне хабарласуына болады: press@pressclub.kz немесе akparat@pressclub.kz, тел.: 8 (727) 264 67 37, 264 71 13.

Байқау ережелерін қосымша берілген құжаттан қараңыздар.

Байқаудың шарттары туралы ақпаратты «Қазақстан Баспасөз клубы» Ақпараттық орталығы ҚБ мына телефондар бойынша алуға болады: 8 (727) 264 71 13, 264 67 37, press@pressclub.kz, akparat@pressclub.kz

  Байқау ережесі (unknown, 269 hits)

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments