Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшылығы ЕГРЭС-1 станциясындағы инвестициялық бағдарламаның барысымен танысты

Бүгін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры Қуаныш Бектеміров «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-не сапармен келді. Жұмыс сапары кезінде Қуаныш Әбдуғалиұлы «Самұрық-Энерго» АҚ-ң Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевпен бірге жұмыс бабында жиналыс өткізді, және де жалпы құны 1 млрд АҚШ долларынан асатын ЕГРЭС-1 көпжылдық инвестициялық бағдарламасының орындалу барысымен танысып шықты.

Станцияның инвестициялық бағдарламасын іске асыру жұмыс істемей тұрған екі энергоблоктың қалпына келтірілуін, қолданыстағы бес энергоблоктың және жалпыстанциялық жабдықтардың капиталдық жөндеуі мен модернизациялауды, тазартқыш электр сүзгілерін орнатуды көздеп отыр. Станциядағы барлық жабдықтарды модернизациялау бағдарламасының аясында химиялық жолмен су тазарту (ХСТ) жүйесін қайта қалпына келтіру жобасы іске асырылуда. ХСТ жүйесін қайта қалпына келтіру барысында заманауи мембраналық технологияларға көшу ісі жүзеге асырылады, соның нәтижесінде тазарту жүйесінің жұмысындағы сенімділікті едәуір жақсартып қана қоймай, операциялық шығындарды да төмендетуге мүмкіндік береді. Тазартылған судың сапасы жақсарады – яғни, судың кермектілігін кемітеді және электр өткізгіштігі арта түседі.

Сонымен қатар, кәсіпорында станцияның барлық энергоблоктарында қазіргі заманғы электр сүзгілерін орнату бағдарламасы іске асырылуда. 2013 жылы №3 және №7 энергоблоктарында электр сүзгілері орнатылып, сонымен 2014 жылдың өзінде-ақ станцияда жұмыс істеп тұрған барлық электр сүзгілері жарақталатын болады. Бұл түтін газдарының тозаңдылығы деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.

«Екібастұз ГРЭС-1 энергожабдықтарын модернизациялау бойынша жұмыстар кестеге сай жүргізіліп келеді. Біз елдегі электр энергиясына деген сұранысты қанағаттандыру бойынша мемлекеттің алдындағы міндеттемелерімізді орындауға бар күшімізді салып отырмыз», — деп мәлімдеді электр станциясының бас директоры Рысқан Свамбаев.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments