Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Орта білімді қаржыландырудың әр түрлі проблемалық мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел

«Сандж» зерттеу орталығы қазақстандағы орта білімді қаржыландырудың әр түрлі проблемалық мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстелге шақырады. Дөңгелек үстел 2013 жылғы 28 маусымда, 10:00 сағатта, Астана қаласында өтеді.

ҚР орта білім беру жүйесін қаржыландырудың маңызды проблемалары, мектеп директорларына арналған қаржылық мәселелер бойынша басшылыққа алатын оқу құралы, осындай басшылыққа алатын оқу құралдарын қолданысқа енгізу мен пайдалану бойынша халықаралық тәжірибе мен басқа да маңызды мәселелер ҚР Парламент Мәжілісінің Депутаты, Білім және ғылым министрлігінің, Қаржы министрлігінің, еліміздің барлық аймақтарының білім басқармаларының (16-аймақ), оқу мекемелерінің, ҮЕҰ, халықаралық ұйымдардың өкілдері және тәуелсіз зерттеушілер секілді дөңгелек үстелге қатысушылар арасында талқыланады.

Дөңгелек үстелде егжей-тегжейлі қарастырылатын ҚР барлық мектеп директорларына арналған қаржылық мәселелер бойынша басшылыққа алатын біріңғай оқу құралы білім беру ұйымдарының басшыларына заңды бұзбауға, және оның салдары ретінде жазаланудан құтылуға, сондай-ақ қаржы қаражатын тиімді пайдалануға, құқықтық нормаларды сақтауға, дұрыс шешімдер қабылдауға және басымдықтарды оңтайлы орналастыруға көмектеседі.

Негізгі баяндамаларды ҚР үкіметтік емес ұйымдардың («Сандж» зерттеу орталығы», «Білім беру және дамыту») өкілдері, ҚР БжҒМ және БҚО білім басқармасы бастығының орынбасары жасайды. ҚР Мәжілісінің депутаты Ферхо С.И., ҚР облыстық білім басқармаларының өкілдері, халықаралық ұйымдардың (Сорос Қазақстан, ЮНИСЕФ, Бүкіләлемдік Банк) өкілдері, ҚР мектептерінің директорлары сөз сөйлейді.

Дөңгелек үстел мына мекенжай бойынша өтеді:
Астана, «ҚАЗЖОЛ» отелі, отельдің «Еуразия» мәжіліс залы (Астана қаласы, Балқантау көшесі 213, Момышұлы даңғылының қиылысы), сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін.

Аккредитациялау мәселесі бойынша төменде аталған тұлғаларға хабарласуға болады:
Серікбаева Сабина, Шәріпбаева Айнагүл:
Тел.: +7 (717 2) 24 12 88, 24 17 44,
Эл. адрестер: mylife_sabina@mail.ru , natasha.sange@gmail.com, ainagul.sange@gmail.com

Print Friendly
comments powered by HyperComments