Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

«KAZNEX INVEST» АҚ 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында ҚР-на шетелдік инвестицияларды тарту бойынша қызметін қорытындылады

Әлемдік тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) түсімінің теріс серпініне қарамастан, Қазақстанда жалпы ТШИ түсімінің тұрақты оң серпіні сақталып келеді. Бұл жөнінде бүгін «KAZNEX INVEST» Агенттігінің бірінші жарты жылдықтағы қызмет қорытындысы бойынша өткен есепті баспасөз мәжілісі кезінде «KAZNEX INVEST» АҚ өкілдері мәлімдеді.

Іс-шараға қатысушылар атап өткендей, әлемдік қаржы дағдарысынан кейінгі жылдары ТШИ түсімі азайып, әлемдік инвестициялар деңгейі қазіргі таңда дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерге жете қоймады. Осы ретте Қазақстанда соңғы төрт жыл ішінде тәуелсіздік жылдары республика экономикасына тартылған бүкіл жалпы ТШИ-дың 50%-ға жуық көлемі тартылды (2012 жылы ТШИ түсімі 22,5 млрд. АҚШ доллар мөлшеріндегі рекордтық көрсеткішке жетті, бұл дағдарысқа дейінгі деңгейден 14%-ға және 2011 жылғы көрсеткішке қарағанда 7%-ға немесе 1,4 млрд. АҚШ долларына жоғары).

Әлемдегі және Қазақстандағы ТШИ-дың жалпы түсімі, млрд АҚШ доллары

Анықтама үшін: 1993 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықта түскен ТШИ-дың жалпы көлемі 171,2 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішіндегі 81,6 млрд. АҚШ доллары 2009 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықта тартылған.

Сарапшылардың пікірінше, ТШИ өсімінің серпіні негізгі көрсеткіш болып табылмайды және басты мақсаты — инвесторлар үшін өңдеуші секторды өндіруші секторға қарағанда барынша тартымды ете отырып, оның құрылымын өзгерту. Бүгінгі күні үдемелі индустриалдандыру саясатын жүзеге асыру осы бағытта өз жемісін беруде деп айтуға болады. Соңғы 4 жыл ішінде ТШИ құрылымында алдыңғы жылдардағымен салыстырғанда өзгерістер бар.

ҚР-на түсірілген жалпы ТШИ құрылымының өзгерісі, млрд $ (%)

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру уақыты ішінде (2009-2012 жылдар) алдыңғы жылдармен салыстырғанда (1993-2008 ж.) шикі мұнай мен табиғи газды өндіруге салынған ТШИ үлесі 18%-ға, ал қаржы және сақтандыру қызметіндегі үлесі 2%-ға азайды; осы ретте өңдеу өнеркәсібіндегі ТШИ үлесі 10%-дан 11%-ға артты. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму жылдары аралығында өңдеу секторына осы уақытқа дейінгі бүкіл 16 жыл ішіндегі ТШИ көлеміндей мөлшерде ТШИ тартылғанын атап өту қажет. Демек, үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасынсыз біз жалпы бүкіл экономика бойынша жалпы ТШИ түсімінің айтарлықтай төмендеуін алар едік.

2012 жылғы жалпы ТШИ түсіміндегі өзгерістер аясында, Агенттік келесі туралы мәлімдейді:
1) Ақпарат және байланыс секторында рекордтық өсім байқалып, сондай-ақ, құрылыс секторында едәуір өсім көрініс тауып отыр.

Анықтама үшін: 2012 жылы құрылыс секторындағы өсім 423 млн. АҚШ долларынан 1 млрд. АҚШ долларына артып, 149%-ды құрады; 2012 жылы ақпарат және байланыс секторындағы өсім 2011 жылдағы 228 млн. АҚШ долларынан 2,1 млрд. АҚШ долларына артып, 826%-ды құрады.

2) Өңдеуші өнеркәсіп шеңберінде ТШИ түсімі азайды, атап айтқанда бұл металлургия бойынша 55%-ға төмендеген, бұл келесі сыртқы факторлармен алғышарттанған:
• тау-кен металлургия комбинат өнімдеріне қатысты әлемдік сұраныс қарқынына едәуір ықпал ететін Қытай экономикасының өсім қарқының баяулауы;
• Еуропа экономикасының әлсіреуі және осының нәтижесінде тау-кен металлургия комбинат өнімдеріне деген сұраныстың төмендеуі.
3) Сонымен бірге, азық-түлік және фармацевтика өнімдері, компьютер және электрондық өнім өндірісінде жалпы ТШИ көлемі ұлғайды Осы ретте 2012 жылдағы көрсеткіш рекордтық деңгейге жетті. Аталған жоғарғы технологиялық салаларға тартылған жалпы ТШИ түсімі 2009 жылы ғана тіркелгенін атап өту қажет.

Анықтама үшін: Азық-түлік өнімдеріндегі өсім 192 млн АҚШ долларынан 288 млн АҚШ долларына дейін жетіп, 50%-ды, фармацевтика өнімдеріндегі өсім 3 млн АҚШ долларынан 20 млн.АҚШ долларына дейін жетіп, 553%-ды, компьютер және электрондық өнімдердегі өсім 145 млн АҚШ долларынан 266 млн АҚШ долларына дейін жетіп, 84%-ды құрады.

Print Friendly
comments powered by HyperComments