Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Денсаулық сақтау жүйесін институционалдық реформалаудың мөлдірлігін зерттеу нәтижелеріне арналған баспасөз мәжілісі

2013 жылғы 27 маусымда сағат 14-00-де Қазақстан Баспасөз клубында (“Самал-2” ықшамауданы, 58, Фурманов көшесі мен әл-Фараби даңғылының қиылысы, «СӘТТІ» бизнес орталығы, 2-қабат) Қазақстан Республикасы Үкіметі және Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен жүзеге асырылып отырған денсаулық сақтау жүйесін институционалдық реформалаудың мөлдірлігін зерттеу нәтижелеріне арналған баспасөз мәжілісі өтеді.

Зерттеу ашық ақпарат көздеріне сараптама жүргізуге, жергілікті және орталық мемлекеттік органдарға жолданған хаттар мен сұранымдарға, сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымдарына, медициналық үкіметтік емес ұйымдарға және медициналық қызмет алушыларға жүргізілген сауалнамаларға қатысты жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік банктің жобасының мөлдірлігі мен жүзеге асырылуын арттыру мақсатында қорытындылар мен ұсыныстар әзірленді, олар баспасөз мәжілісі барысында ұсынылады.

Баспасөз мәжілісіне қатысатындар:
Әсел қырықбаева, «Құқықтық және экономикалық реформаларды қолдау орталығы» ҚБ директоры
Шолпан Айтенова, сарапшы, «Экономикалық зарттеулер, бағалау және мониторинг орталығы» ҚҚ Толғанай Үмбетәлиева, «Орталық азия демократияны дамыту қорының» бас директоры

Толық ақпарат алу үшін Қазақстн Баспасөз клубына, Сәния Ғалиеваға хабарласыңыздар
тел.: 2647113, 2646737, +77714102609
E-mail: akparat@pressclub.kz

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments