Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Халықаралық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау күніне арналған баспасөз мәжілісі

Ертең, 2013 жылғы 26 маусымда сағат 14-00 Қазақстан Баспасөз клубында Халықаралық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау күніне арналған баспасөз мәжілісі өтеді.

Баспасөз мәжілісінде құқық қорғаушылар Қазақстандағы азаптаудың және адамның арын аяққа таптайтын өзге де әрекеттер мен жазалаудың құрбаны болмау құқығының сақталуына баға береді.

2009 жылы Қазақстанға келіп кеткеннен кейін БҰҰ зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Манфред Новак біздің елде «азаптауды қолдану және қатыгездік көрсету жекелеген жағдайлардың шегінен шығып кетеді» деп қорытынды жасаған еді. Өкінішке орай, бұл қорытынды әлі күнге дейін өзекті болып отыр, ал азаптаудан және адамның арын аяққа таптайтын өзге де әрекеттер мен жазалаудан қорғанудың тиімді құралдары әлі де жоқ.

Баспасөз мәжілісіне қатысатындар:
Роза Ақылбекова, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының директоры
Татьяна Чернобиль, Адам құқықтары саласындағы халықаралық құқық бойынша тәуелсіз кеңесші, Қазақстанның Азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясы мүшесі
Анастасия Миллер, АҚЗСҚХБ Қостанай қалалық бөлімшесінің директоры
Лейла Рамазанова, АҚАА адвокаты, Қазақстанның Азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясы мүшесі
Гүлмира Қуатбекова, АҚЗСҚХБ заңгері
Гүлнар Тұрғынова, зәбір көрген А. Гореликтің анасы

Print Friendly
comments powered by HyperComments