Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

«Жаңа кейіптегі Алматы» атты көрме

25 маусым күні сағат 18.30-да Орталық көрме залында (Желтоқсан к. 137, Жамбыл көшесінің қиылысы) «Жаңа кейіптегі Алматы» атты көрме ашылады. Көрмеде Қазақтың Бас сәулет-құрылыс академиясының «Дизайн» факультеті студенттерінің жұмыстары ұсынылады.

Көрмеде «Қазақстан» қонақүйі, Абай атындағы опера және балет театры, Цирк ғимараты, Көк Төбе, «Есентай Молл» сауда орталығы сынды Алматы қаласындағы танымал сәулет нысандарына түнгі жарық беру жөніндегі жобалар көрсетіледі.

Ұсынылатын жұмыстар қаладағы дұрыс жарық берудің әсері мен маңызын, үлкен қаланы өзгеше жарықтандыру арқылы тұрғындар мен қала қонақтары үшін жаңа қырынан көрсету мүмкіндіктерін, Алматының танымал сәулет нысандарының бірегейлігін таныта түсу үшін қандай техникалық мүмкіндіктерді қолдануға болатынын көрсетеді.

Көрме ҚазБСҚА Philips және SKYMAX компанияларымен бірлесе отырып өткізген осы аттас байқаудың қорытындысы болмақ.

Көрме 2 шілдеге дейін жалғасады. Кіру тегін.
Анықтама телефоны (Орталық көрме залы): (727) 267 40 22

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments