Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

«Ұлы Дала бояулары» топтамасының жаңа басылымдары жарық көрді

«Алдоңғар» Мәдениетті дамыту Қоғамдық қоры «Ұлы Дала Бояулары» топтамасына кіретін жаңа басылымдардың шығарылғаны жөнінде хабарлайды. Бұл басылымдарға Алматы облысы туралы «Жетісу. Қайта табылған жәннәт» және Қарағанды облысы туралы «Сары Арқа. Еуразия жүрегі» фотоальбомдары жатады.

Алматы және Қарағанды облыстары туралы жаңа фотоальбомдар осы екі өңірдің табиғат сұлулығы мен өзіндік мәдени ерекшелігін мүлдем жаңа қырынан көрсетуімен бірегей болып табылады. Онда Жетісу және Сары Арқа далаларының ең сұлу табиғат түкпірлері, жануарлар әлемі, сондай-ақ, осы облыстарда орналасқан маңызды тарихи және мәдени маңызға ие нысандар көрсетілген.

Басылымдар екі тілде – орыс және ағылшын тілдерінде шығарылып отыр.

Фотоальбомдарды дайындауға Қазақстандағы белгілі фотографтар — Николай Постников және Олег Белялов қатысты. Суреттерге қоса берілген өлеңдер мен прозаның авторы – қазақстандық ақын Бақыт Қайырбеков. Фотосуреттер арнайы дәл осы жоба үшін жасалғандықтан, эксклюзивті сипатқа ие. Ең заманауи фотосуретке түсіру құралдарын және әуеден суретке түсіру тәсілін қолдана отырып, жылдың түрлі маусымдарында осы өңірлерге арнайы фотоэкспедиция ұйымдастырылды.

«Жетісу. Қайта табылған жәннәт» және «Сары Арқа». Еуразия жүрегі» фотоальбомдары Қазақстанда және де оның сыртында Алматы мен Қарағанды облыстарының бірегейлігі мен табиғи байлығын, осы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен терең тарихи-мәдени мұрасын көрсететін керемет таныстыру жинағына айналады деп сенеді авторлар.

«Ұлы Дала Бояулары» — бұл еліміздің сан алуан жерлері туралы фотоальбомдар топтамасы, онда әрбір қазақстандыққа туған жердің сұлу табиғаты, бай тарихы мен ата-баба мәдениетін жеткізу идеясы жатыр.
«Қазақстанның әрбір өңірі – табиғат пен мәдениеттің бірегей маржаны, бұл біздің келешек ұрпақ үшін сақтап, жеткізуге тиісті еліміздің нағыз байлығы. «Ұлы Дала Бояулары» жобасы шеңберінде шығарылған фотоальбомдар оқырмандардың бойында өз Отанына деген шынайы мақтаныш, сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін тудырады деп үміттенемін», — деп атап өтті альбом авторы және директоры, белгілі мұнайшы Борис Чердабаев.

Аталған басылым топтамасы шеңберінде 2011 жылы Атырау облысы туралы «Шежіре сағасы» және Жамбыл облысы туралы
«Әлем айнасы» атты екі фотоальбом шыққан. Басылымдар Қазақстанда және шетелде жоғары баға мен мақтау лебіздеріне ие болды.

«Жетісу. Қайта табылған жәннәт» және «Сары Арқа». Еуразия жүрегі», сондай-ақ, «Ұлы Дала Бояулары» топтамасының басқа да басылымдарын барлық «Меломан» кітап дүкендер желісінде сатып алуға болады.

Қазіргі таңда бүкіл әлемнің ең ірі кітап интернет-дүкендерінде, оның ішінде Apple корпорациясының iBookstore дүкенінде және Google Books дүкенінде осы топтама шеңберінде шыққан барлық альбомдардың электрондық нұсқалары басылымға дайындалуда.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments