Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Қазақмыс тобы кезекті журналистер байқауын қорытындылады

Қазақмыс Тобы III республикалық журналистер бәйгесін қорытындысын шығарды.

2011 жылы Қазақмыс Тобы Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия саласының мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару, сондай-ақ журналистерге, олардың кәсіби шыңдалуын қолдау мақсатымен журналистер арасында жыл сайынғы бәйге жариялаған болатын.

21 маусымда Алматыда өткен салтанатты марапаттау рәсімінде бес номинация бойынша жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздардың есімі жария етілді.

Бәйге жеңімпаздары:

«Тау-кен металлургиялық сектордағы еңбек адамы туралы жазылған ең үздік басылымдық материал» аталымында Мирошина Ирина («Северное Прибалхашье» газеті, Балқаш қаласы) жүзден жүйрік шықты.

Виктор Минин («Темиртауский рабочий», Теміртау қаласы) және Батырбек Мырзабеков («Мысты өңір» газеті, Жезқазған қаласы), тиісінше 2-ші және 3-ші орынды иеленді.

«Интернет БАҚ және ақпарат агенттігіндегі ең үздік материал» аталымының бас жүлдесі Ольга Веселоваға (Капитал.кз) бұйырды.

Екінші және үшінші орындарға тұрақтаған жеңімпаздар: Айжан Самашева (Интерфакс) мен Ақмарал Сыздықова (ҚазТАГ).

«Ең үздік телевизиялық материал» аталымы бойынша бас жүлдеге «Хабар» телеарнасының журналисі Құрманбек Қазанбасов ие болды.

Екінші орынды «Первый Карагандинский» (Қарағанды қаласы) телеарнасы мен оның тілшісі Мира Салқымбаева иеленді. Үшінші орынға «Дидар» (Жезқазған қаласы) телеарнасының тілшісі Бақытгүл Мәукенова тұрақтады.

«Қазақ тіліндегі басылымдар арасындағы ең үздік материал» аталымы бойынша бірінші орынды «Жас Қазақ» республикалық газетінің тілшісі Гүлзат Нұрмолдақызы жеңіп алды.

«Түркістан» республикалық басылымының журналисі Нәзия Бисенова екінші орынды, ал «Алаш айнасы» басылымының тілшісі Ләззат Бектімбекова үшінші орынды иеленді.

«Орыс тіліндегі баспа БАҚ арасындағы ең үздік материал» аталымындағы бас жүлде «Горно-металлургическая промышленность» журналының авторы Юрий Фоменкоға бұйырды. Екінші орынды «Охрана труда Казахстана» журналының тілшісі Еділов Рысқали, ал үшінші орынды «Подробности» газетінің (Жезқазған қаласы) журналисі Эльвира Минчук иеленді.

Сонымен қатар, қазылар алқасы жүлдегерлер қатарына қосылмаған еңбек авторларына жеті марапаттау жүлдесін табыс етуге шешім қабылдады. Олардың қатарында «Горно-металлургическая промышленность», «Индустриальная Караганда» (Қарағанды қаласы), «Мысты өңір» (Жезқазған қаласы), «Дидар» газеті (Өскемен қаласы), «Орталық Қазақстан» (Қарағанды қаласы), «Егемен Қазақстан» және «Түркістан» республикалық басылымдарының тілшілері бар.

Бәйгеге барлығы 50-ден астам өтініш келіп түсті. Үміткерлердің еңбектерін Қазақмыс Тобының басшылығы мен Корпоративтік байланыстар департаментінің, сондай-ақ Қазақстан баспасөз клубының өкілдерінен құралған әділқазылар бағалады.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments