Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Батыс Қазақстан суретшілерінің республикалық көрмесі

Қазақстан суретшілер одағының галереясы және «Ұлар» арт-агенттігі Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы суретшілерінің республикалық көрмесін ұсынады.

Көрмеде Қанат Оразов, Надежда Тихонова, Мэлс Отаров сынды суретшілердің туындылары көрермен назарына ұсынылады.

Вернисаж 2013 жылғы 22 маусымда сағат 16:00 Суретшілер одағының галереясында басталып, 10 шілдеге дейін жалғасады.

БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәжілісі сағат 15:00 басталады.

Қанат Оразов 1969 жылы Батыс-Қазақстан облысы, Ханкөл ауылында дүниеге келген. Халықаралық байқаулардың дипломанты.

Надежда Тихонова Надежда 1949 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. Кескіндемеші. В.И. Суриков атындағы Краснояр көркемсурет училищесінің түлегі. 1989-2001 жылдар аралығында көркемсурет мектебінің директоры қызметін атқарған, қазіргі таңда еркін суретші.

Мэлс Отаров Мэлс 1984 жылы БҚО Қазталовка ауданының Қашанкөл ауылында дүниеге келген. Халықаралық байқаулардың лауреаты.

Биыл Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының құрылғанына 80 жыл толады. Бұл көпжылғы еңбек, Қазақстанның кәсіби кескіндеме өнерінің қалыптасу тарихы. Батыс Қазақстан өңірінің суретшілері осы айтулы күннен қалыс қалмай, осы көрмені Суретшілер одағының мерейтойына арнап отыр.

Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыздар: 2735553, 2737888

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments