Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

«VITA» АҚ өз қызметін қалпына келтірді

«VITA» АҚ рейдерлердің тырысқанына қарамастан өз қызметін қалпына келтірді деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Баспасөз клубында өткен баспасөз мәжілісінде «Vita Industry» ЖШС директоры Петр Потапов.

2013 жылдың 27 мамырында «VITA» АҚ-ның байқау өндірісінің мерзімі аяқталды. Бұл мерзім «VITA» АҚ-н дәрменсіз деп таныған уақытынан бастап қолданыстағы заңмен екі жылға шектелген болатын. «VITA» АҚ-ның Несие берушілер комитеті 30.04.2013 жылғы шешімімен ҚР Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышқорлармен жұмыс жасау комитетінің (ары қарай — ДБЖЖК) алдында тағы да 6 айға байқау өндірісінің мерзімін ұзарту туралы өтініш берді. Алайда құзыретті органның 14.05.2013 жылғы №ДКНД-2-2\1171 хатымен «VITA» АҚ байқау өндіріс мерзімін ұзарту өтініші қабылданбады.

Байқау басқарушысы сотқа жүгінді, алайда байқау өндіріс мерзімін ұзарту туралы соттың заңды күшке енген шешімі қазіргі таңда жоқ және байқау басқарушысы да басқа мәселе бойынша сотқа жүгінген болатын.

ҚР-ның «Банкроттылық туралы» Заңының 1 тармағының 9 бабына сәйкес дәрменсіз борышкерді басқару органдары байқау өндірісі кезеңінде кәсіпорынды басқарудан шеттетіледі.

ҚР Жоғарғы сотының 2000 жылдың 28 сәуіріндегі №3 Нормативтік қаулысының 21 тармағына және «Қазақстан Республикасы сотының банкроттылық туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» кейінгі өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес байқау өндіріс мерзімін мерзімі ұзартылмаған жағдайда байқау басқарушысының бүкіл құқықтары мен өкілеттіктері тоқтатылады.

Сәйкесінше кәсіпорында бассыздық пен тұрлаусыздық жағдайын болдырмау мақсатында «VITA» АҚ басқару органдарының қызметі қайта жаңартылады.

2013 жылдың 28 мамырында «VITA» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жиналысы өткізіліп, Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды, «VITA» АҚ-ның жаңа бас директоры тағайындалды. Ол соттың заңды күшке енген шешімінің негізінде «Vita Industry» ЖШС директоры П.М. Потаповтың лауазымын қалпына келтірді.

Осы ретте «VITA» АҚ-ның несие берушілер мүддесі ешқандай да зиян шекпейді. Несие берушілердің тізілімі қалыптастырылып, бекітілді. «VITA» АҚ-да сатылмаған байқау көлемі қалды, заң бойынша ол несие берушілерге тиесілі. Оның қалай жұмсайтынын несие берушілердің өзі шешсін. Оларға байқау басқарушысы қажет болмауы мүмкін.
Бүкіл осы оқиғадан басты пайда көруші «Vita Industry» ЖШС зауыты болып табылады.

Ақыры соңғы 1,5 жыл ішінде кәсіпорында оның мүддесін заңды қорғаушы пайда болды. Бұл зауытты оңалту жолында тұрған соңғы кедергі болатын.

«Vita Industry» ЖШС оңалту рәсімін енгізу туралы сотқа осымен жеті рет жүгінген, алайда бұл мәселе бірде бір рет қаралған жоқ. Осы ретте ҚР-ның «Банкроттылық туралы» Заңы бойынша оңалтуды енгізу арыз беруші сипатқа ие. Егер арызда Заңда белгіленген мәліметтер болса және оған Заңда белгіленген құжаттар тізімі қоса тіркелсе, онда сот оңалту рәсімін енгізу туралы өтінішті қайтара алмайды.

Осы жағдайды түсіне отырып, рейдерлер компанияның оңалуына кедергі келтіруге басқа амалы қалмағандықтан, П.М. Потапов өкілеттігін заңсыз деп шығарды.

Сот арызды қарамастан оны бес рет қайтарды, өйткені төрешілер П.М. Потаповты арыз беруге тиісті тұлға емес деп есептейтін. Ал бұл жағдайды әр уақыт «VITA» АҚ байқау басқарушысы растап отырды. Оңалту туралы арызды «Vita Industry» ЖШС-нің жалған директоры И.Л. Летучев екі рет қайтарып алған.

Алайда осы оқиғадағы ең жағымсыз жағдай болып ешкімнің зауытты оңалту мүмкіндігін қарастырмағаны саналады. Инвесторлар бар ма, зауыт тиімді жұмыс жасай ала ма, ол қаншалықты бәсекеге қабілетті – мұны ешкім назарға алған жоқ. 1,5 жыл бойы күрес тек бір тұрғыдан – заң тұрғысынан ғана жүргізілді. Сондай-ақ, рейдерлер әрқашан ойдан шығарылған заңды кедергілерді тауып отырды, ол бойынша компанияны сауықтыру мүмкіндігінің өзін қарастыру мүмкін болмайтын.

Президент өзінің әрбір Жолдауында «Мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктің жаңа үлгісі — “Мықты бизнес – мықты мемлекет» дегенді үнемі қайталап отырады. 2013 жылғы Жолдауда «Жаңа бағыттағы экономикалық саясат – пайда табу, инвестицияның қайтарымдылығы мен бәсекеге қабілеттілік қағидаларына қатысты жан-жақты экономикалық прагматизм» деп көрсетілген. Президент кезекті рет «кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау – ұлттық экономиканы жетелеуші күш» деп жариялаған болатын. Бұл рейдерлер мен олардың басқаруындағы жекелеген сот төрешілерден басқасының барлығына қатысты секілді.

Қазіргі таңда «Атамекен» және Прокуратураның қолдау көрсетуінің арқасында және түрлі жағдайлардың тоқайласуының нәтижесінде «Vita Industry» ЖШС сауықтыруға жол ашылып отыр. Соңғы заңгерлік тосқауылдар алынып тасталды. Ақыр соңында «VITA» АҚ-ның банкротқа ұшырауынан кейін өткен 2 жылдан соң зауытты сауықтырумен айналысуға мүмкіндік туды.

«Атамекен» ҰЭП-ның сауал салуы бойынша «Vita Industry» ЖШС зауытын рейдерлік басып алу туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қадағалауына алынып, қазір тергеу жүргізілуде. Еліміздің құқық қорғау жүйесі 21 ғасырдың қатері – рейдерлікке лайықты жауап бере ала ма, жоқ па? Бұл сұрақтың жауабын жақында білетін боламыз.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments