Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

«VitaIndustry» ЖШС зауытын қайта жандандыруға мүмкіндік туып отыр» тақырыбында баспасөз мәжілісі

2013 жылғы 19 маусымда сағат 11-00 Қазақстан Баспасөз клубында «VITA» АҚ банкроттығы аяқсыз қалды, алайда дәл осы жағдай «VitaIndustry» ЖШС зауытын қайта жандандыруға мүмкіндік беріп отыр» деген тақырыпты баспасөз мәжілісі өтеді.

2013 жылғы 27 мамырда «VITA» АҚ банкрот деп танығаннан күннен бастап екі жылмен шектелген «VITA» АҚ байқаулық өндірісінің мерзімі аяқталды. Байқаулық өндірістің мерзімін ұзарту заңнамада көзделмеген. ҚР Қаржы министрлігінің төлеге қабілетсіз қарызгерлермен жұмыс жөніндегі комитеті өзінің 2013 жылғы 04 мамырдағы № ДКНД-2-2\1171 хатымен «VITA» АҚ байқаулық басқарушысының мерзімін ұзартуға деген өтінішті қайтарып тастады.

Нәтижесінде, сол күннен бастап, «VITA» АҚ байқаулық басқарушысының барлық құқықтары мен өкілеттіліктері тоқтатылады. Соған сәйкес, «VITA» АҚ басқару органдарының: акционерлер жиналысының, директорлар кеңесінің, бас директордың және т.б. қызметі жаңартылады.

Ескі-жаңа басқарманың бірінші күнінде-ақ «VitaIndustry» ЖШСВ қосалқы зауытын қайта жандандыру жөнінде шешім қабылданды.

«VitaIndustry» ЖШС инвесторлары екі жылдан бері өз инвестицияларының сақтығына кепілдік ала алмай отыр.

Баспасөз мәжілісіне қатысатындар:
Петр Михайлович Потапов — «VitaIndustry» ЖШС директоры
Шаруа қожалықтарының өкілдері

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments