Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Астанада алғашқы көп функциялы «жасыл» кешеннің құрылысы басталмақ

Бүгін «Верный Капитал» компаниялар тобы A+ санатына жататын өзінің жаңа инвестициялық жобасын жүзеге асыруды бастайтыны туралы мәлімдеді.

«Talan Towers» Қазақстандағы алғашқы «жасыл» кеңсе ғимаратына, яғни LEED стандарттарының талаптарына жауап беретін қуат үнемдеуші технологияларды қолдана отырып, қоршаған ортаны қорғау қағидаларына сәйкес салынған ғимаратқа айналмақ. Жоба құны – 300 млн доллар.

«Talan Towers» бизнес кешені түрлі биіктікті екі мұнарадан тұрады. 26 қабаттық мұнарада әлемге әйгілі The Ritz-Carlton қонақ үй желісі мен тұрғын үй апартаменттері орналасатын болады. Ал екінші 30 қабаттық мұнараны ең ірі қазақстандық және шетелдік компаниялардың кеңселері жайғасқан А+ санатындағы бизнес орталық алады. Екі мұнара үш қабаттық тұғырмен жалғанбақ, онда әлемдік люкс-брендтерге арналған сауда галереясы, салтанат залы, СПА, фитнес орталық орналасатын болады.

Ғимараттың жобасын сәулет, қала құрылысы, инженерия және интерьерлік дизайн саласындағы әлемдік жетекші фирмалардың бірі болып табылатын SOM (Skidmore, Owings & Merrill LLP) компаниясының сәулетшілері әзірледі. Қазіргі таңда фирма әлемнің 50 елінде 10 000 жуық жобаны атқарып, 800 марапат алған, сондай-ақ, екі рет «Жылдың сәулет фирмасы» атанған. Фирманың аса әйгілі жобаларының ішінде Чикагодағы «Сирс Тауэр» және «Трамп Тауэр», Шанхайдағы «Цзинь Мао», Дубайдағы «Бурдж Халифа», сонымен қатар, қиратылған Бүкіләлемдік Сауда Орталығының орнында салынып жатқан Нью-Йорктегі «Бостандық мұнарасы» бар.

Сәулетшілердің ойластыруы бойынша, «Talan Towers» Астананың нышаны — «Бәйтерек» монументімен композициялық тұрғыда байланысып, Қазақстанның бас қаласының жаңа сәулеттік көрікті орнына айналмақ. Құрылыс кезінде қолданылатын тас, шыны және металл секілді материалдар алаңды толықтырып, оған орасан контрастылық береді.

«Верный Капитал» Компаниялар тобының бас директоры Ерлан ОСПАНОВ: «Верный Капитал» өзінің барлық инвестициялық жобаларында қандай да бір индустрияның дамуы үшін жаңа белестерді қойып, нарық үшін жаңа үлгіге айналады. Біз ең үздік тәжірибені қолданып, бүкіл әлемнен кәсіби біліктілігі жоғары серіктестерді тартамыз. «Talan Towers» жобасындағы біздің мақсат — ішінде жоғарғы санаттағы бизнес орталық пен The Ritz-Carlton қонақ үйі орналасатын Қазақстан үшін бірегей эко-ғимаратты салу. Бұл біздің компаниялар тобының Қазақстанның жаңа елордасының дамуына қосатын үлесіміз. Біз дәл осы жоба арқылы Бәйтерек маңындағы сол жақ жағалаудың орталығын қалыптастыруды аяқтауға атсалысу мүмкіндігі үшін Астана қаласы Әкімдігіне алғысымызды білдіреміз», — деп атап өтті.

Болашақ кешеннің алғашқы тасын қалау рәсімі

Астана қаласының әкімі Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ: «Астананың 15-жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында тағы да бір қуанышты іс шара. Астана өсіп өркендеп келе жатқан жас қала. Сәулеті салтанатына сай елордамыздық құрылыс келбетін көркейте түсетін сол жағалауда көптеген әсем ғимараттар салынып жатыр. Міне солардың бірі бүгін ірге тасы қаланған Ritz-Carlton қонақүйі де өзінің орнын алды. Бұл жоба «Бәйтерек» маңындағы алаңның бейнесін толықтыратын болды», — деді.

The Ritz-Carlton, Bvlgary and Edition компаниясының Еуропа жөніндегі вице-президенті Сандип ВАЛИА: «Қазақстанның қарқынды астанасында The Ritz-Carlton отелін ашу біз үшін айрықша шара. Осында орын алатын енді бір маржанымызды өз портофолиомызға қосып алу мүмкіндігі ашылды. «Верный Капитал» компаниялар тобымен біздің арамызда ұзақмерзімді екіжақты тиімді серіктестік орналасты. Соның бір дәлелі, Мәскеу мен Венадағы The Ritz-Carlton отельдері. Астанадағы жаңа жобасы үшін Верный Капитал компаниясы The Ritz-Carlton-ді таңдағанын мақтан тұтамыз.», деп ой бөлісті.

Кешеннің құрылысы 2016 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Болашақ кешеннің 3D форматтағы үлгісін мына сілтеме бойынша өтіп көре аласыздар.

Жобаның толық сипаттамасын қосымша документтен қараңыздар.

  Talan Towers сандар мен дәйектер (unknown, 218 hits)

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments