Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Қарағандыда көшпелі саудаға арналған абаттандырылған алаңдар ашылды

Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында Н.Әбдіров даң., 26 («Мечта» сауда үйіне қарсысында), Бұхар Жырау даң., 76 («Дәмежан» дүкені мен «Мечта» сауда үйінің арасында) және Гоголь к. (№57 үйдің қарсысында) мекен жайлары бойынша орналасқан көшпелі саудаға арналған абаттандырылған үш орынның ашылу салтанаты өтті.

Н. Әбдіров көшесіндегі сауда алаңы. Абаттандырылғанға дейін

Н. Әбдіров көшесіндегі сауда алаңы. Абаттандырылғаннан кейін

Жоба 2012 жылдың желтоқсанында «Қазыбек би атындағы аудан Әкімі аппараты» ҚБ және «Эфес Қазақстан» ЖК АҚ арасында қол қойылған Өзара ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын атқару шеңберінде жүзеге асырылды.

Салтанатты рәсімге Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан Әкімі Ысқақов Жанат Маратұлы, «Эфес Қазақстан» Корпоративтік қатынастар департаментінің директоры Шыңғыс Қаскеев, жергілікті тауар өндірушілер, аудан тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Көшпелі сауда орындарын абаттандыруға тас төсеуіштерді төсеу, сәндік қоршауларды, қоқыс сауыттары мен шатыры бар жаймаларды орнату кірді. Барлығы 87 сауда орнында сауда-саттыққа арналған 29 жайма орнатылды.
Өткізіліп отырған іс-шаралардың мақсаты Қарағанды қаласын абаттандыру және оның сыртқы көрінісін жақсарту, саяжай иелері мен жергілікті тауар өндірушілеріне өз өнімдерін сатуға көмектесу, сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту үшін жайлы жағдайларды жасау болып табылады.

Аталған жоба азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік маңызға ие азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік жасайды.

«Аталған жобаны жүзеге асыру ретсіз сауданы бір ізге келтіріп, саудаға жайлы жағдайды құруға және сауда мәдениетін арттыруға, сондай-ақ, ақша табудың нақты мүмкіндігін ұсыну арқылы халықтың аз қорғалған топтарына қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан Әкімі Ысқақов Жанат Маратұлы.

Сауда алаңдарының ашылу салтанаты кезінде

«Қарағанды «Эфес Қазақстан» үшін ерекше маңызға ие, себебі біздің компанияның тарихы осы қаладан басталды. Сондықтан біз қаланы абаттандыруға бағытталған және оның тұрғындарына жайлы жағдайларды жасайтын жобаға қуана қатысып отырмыз. Алдағы уақытта біз корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігіміздің осы бағытын дамытып, кеңейтуді көздейміз», — деп түсіндірді «Эфес Қазақстан» Корпоративтік қатынастар департаментінің директоры Шыңғыс Қаскеев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл Меморандум шарттарының бір тармағы ғана. Алдағы жоспарда жалпы жүлде қоры 500 мың теңге құрайтын аула футбол лигасын өткізу және ШОБ-тің ең үздік абаттандырылған нысаны бойынша байқауду қорытындылау бар. Аталған байқаудың жүлде қоры 1 000 000 млн. теңгені құрайды.

Сондай-ақ, келесі жылға қаланы абаттандыру бойынша бірқатар бірлескен іс-шаралар жоспарланған.

Print Friendly
comments powered by HyperComments