Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

«Онлайн-медиа – 2013» байқауы

Сорос-Қазақстан қорының «БАҚ-тарды қолдау» бағдарламасы аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының веб-сайттарын әзірлеу мен іске қосуға арналған байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты:

  • аймақтық БАҚ-тардың конвергенттік (мультимедиялық) редакцияларға ауысуына жағдай тудыру;
  • Қазақстанда инфографиканы қолданатын мультимедиалық форматтағы қоғамдық-саяси БАҚ-тарды іске қосып және ілгері жылжыту және;
  • онлайн-журналистика саласында жұмыс істейтін өңірлік тілшілердің кәсіби дағдыларын дамыту;

Жобаларға баға беру критерийлері:

  • жобаның байқаудың мақсаттары мен басым бағыттарына сай болуы;
  • ақырғы нәтижелерге қол жеткізудің негізделген стратегиясы, яғни БАҚ-тардың тұрақты даму жоспары;
  • өтінушінің жобаны жүзеге асыру үшін қажетті жоғары басқарушылық әлеуетінің, кәсіби біліктілігінің және техникалық мүмкіндіктерінің болуы;
  • сапалы мультимедийный контентке бағытталу.

Өтінім беру реті

  1. ӨТІНІМ нысанын толтыру;
  2. Баспа БАҚ-тар үшін ары кеткенде 2 соңғы нөмірді ұсыну;
  3. Қолданыстағы веб-сайт болған жағдайда онлайн-ресурсқа сілтемелер не PDF пішіміндегі ары кеткенде 5 скрин-шот ұсыну.

Өтінімдерді ұсыну мерзімі және гранттардың көлемі

Сұранымдарды ұсынудың ақырғы мерзімі – бейсенбі, 2013ж. 15 тамызы (Астана уақыты бойынша сағ.17:00). Осы мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.

«БАҚ-тарды қолдау» бағдарламасының Сараптамалық комитеті бес байқаулық өтінімді таңдап алады болады.

Жалпы грант қоры — 4 500 000 теңге.

Жобаның бюджеті 900 000 теңгеден аспауы және мынадай шығындық баптардың шегінен шықпауы тиіс:

  • Домен + хостинг;
  • Дизайнер мен әзірлеушінің көрсететін қызметі;
  • Іздеу жүйелерінде тіркелу (Search Engine Optimization, SEO);
  • Веб-сайтты қолдау.

Ескерту: Жобаны жүзеге асыру барысында байқаудың жеңімпаздарына арнап қосымша оқытушы шеберлік-сабақтары мен семинарлары өткізілетін болады.

Байқауға өтінім ұсыну рәсімі

Байқаулық өтінімдердің барлығын Сорос-Қазақстан қорының «БАҚ-тарды қолдау» бағдарламасының Сараптамалық комитеті (СК) тіркейді және қарайды. Қажет болған жағдайда СК сұраным берушіден қосымша ақпарат сұратуға құқылы. Барлық сұранымдар «Онлайн-медиа-2013» белгісімен мына электрондық мекен жайлар бойынша қабылданады: application@soros.kz не sorosapplication@gmail.com.

Байқаулық өтінімді тіркеу кезінде электрондық мекен жайыңызға растау хаты келеді.

Газеттердің нөмірлерін пошта арқылы жіберуіңізді сұраймыз: 050000, Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 111 А, 9-кеңсе.

Ізденушілердің назарына: өтінімдерге пікірнама жазылмайды және олар қайтарылмайды.

Сорос-Қазақстан қоры қабылданбаған өтінімдер бойынша түсініктеме бермейді.

Қосымша ақпарат алу үшін «БАҚ-тарды қолдау» бағдарламасының үйлестірушісі Дария Цыренжаповаға msp@soros.kz электрондық поштасы арқылы не +7 (727) 258-13-54 (і/н 105) телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

  Онлайн медиа жасау жобасы (unknown, 270 hits)

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments