Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

2013 жылғы Әлеуметтік медиа апталығы

Бүкіл дүние жүзінің журналистері осы шараға қатыса алады.

Әлеуметтік медиа апталығы — әлеуметтік және мобильдік медиа саласындағы соңғы тақырыптар мен тенденцияларға арналған тегін лекциялар мен семинарлар топтамасы. Шараның мақсаты — бүкіл әлем адамдары үшін қатынас жасап, идея алмасу үшін жағдай тудыру.

Шара бір мезгілде дүние жүзінің бірнеше қаласында өтеді, мыңдаған адам пікірталас, семинар ұйымдастырып, әңгіме-дүкен құру үшін бірлесе жұмыс істейді.

Жекелеген шаралар интернет пен мобильдік платформалар арқылы бір үлкен шараға біріктіріледі, сөйтіп 180-нен астам елдің тұрғындары өтіп жатқан шараларды тікелей трансляциядан көріп, ғаламдық диалогқа үн қоса алады.

Биыл апталық Барселона, Берлин, Богота, Чикаго, Лондон, Лос-Анджелес, Сан-Паулу, Мумбай, Турин және Торонто қалаларында өтеді.

Апталық шараларының тоқсан пайыздан астамы тегін.

2013 жылғы Әлеуметтік медиа апталығы 23-27 қыркүйек аралығында өтеді. 2 тамызға дейін өз шараңызды апталық кестесіне енгізе аласыз.

Қыркүйек конференциясына тіркеу 13 тамызда басталады.

Толық ақпарат мына жерде.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments