Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

«Сенің таңдауың» жобасының басталуына арналған баспасөз мәслихаты

2013 жылғы 12 маусымда, сағат 14:00-де Қазақстан Баспасөз клубында алкоголь өнімдерін жауапкершілікпен тұтыну мәдениетімен байланысты «Сенің таңдауың» жобасының басталуы жөніндегі баспасөз мәслихаты өтеді.

«Бауыржан» қоғамдық қоры «Эфес Қазақстан» компаниясымен бірлесе отырып «Сенің таңдауың» атты әлеуметтік жоба бастағалы отыр. Жоба үш бағытта жүзеге асырылады:

  • мас күйде автокөлік жүргізуге қарсы
  • алкогольді аз мөлшерде пайдалану
  • кәмелет жасына толмағандарға алкоголь өнімдерін сатуға қарсы

Баспасөз мәслихатында осы бағыттардың әрқайсысы бойынша жұмыстар жоспары ұсынылады.

Баспасөз мәслихатына қатысатындар:
Жұлдыз Омарбекова — «Бауыржан» қайырымдылық қоры» әлеуметтік қорының президенті
Шыңғыс Қаскеев — «эфес Қазақстан» компаниясының корпоративтік қатынастар департаментінің директоры
Еркін Өтегенов — Алматы Қалалық ЖПБ батальон командирінің орынбасары
Ләйла Әліпбаева — ІІД әкімшілік полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі

Қосымша сұрақтарының болса, Қазақстан Баспасөз клубына, Сәния Ғалиеваға хабарласыңыздар:
2647113, 2646737, E-mail: akparat@pressclub.kz

Print Friendly
comments powered by HyperComments