Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

«Астана: жастар көзімен». Жас журналистерге арналған байқау

«Нұр Отан» ХДП-ның «Бір­лік» филиалы және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры «Астана: жастар көзімен» атты жас журналистер (29 жасқа дейін) арасында байқау жариялайды.

Байқау елорда – Астананың қалыптасуы мен дамуын көрсетуге жас журналистерді тарту, «Нұр Отан» ХДП «Бірлік» филиалының қызметі туралы халықтың ақпараттандырылуын арттыру және журналистердің шығармашылық әлеуетін ашу мен оларды көтермелеу мақсатында өткізіледі.

Конкурсқа Астананың қалыптасуы мен дамуына арналған қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, т.б. тақырыптардағы шығармашылық жұмыстар қабылданады.

Жеңімпаздар мына номинациялар бойынша анықталады:

  • «Менің көзқарасымдағы Астана» – теледидар­дағы үздік материал;
  • «Сөз құдіреті» – баспасөздегі үздік материал;
  • «Он-лайн профи» – радио және интернет-басылымдардағы үздік материал;
  • «Алғашқы туынды» – жаңа бастаған журналистердің (студент) үздік материалы.

Әрбір номинацияның жүлде қоры 250 000 теңгені, ал «Алғашқы туынды» номинациясы 100 000 теңгені құрайды.

Байқауға қатысатын материалдарға мынадай талаптар қойылады: белгіленген тақырыпқа сәйкес болуы, фактілердің дұрыстығы және олардың дәл берілуі, талдау тереңдігі мен проблеманың ашылуы, авторлық ұстанымы.

Жарияланымдар түпнұсқада немесе материалдың ксерокөшірмесінде (шыққан күні және автордың толық байланыс деректері көрсетіліп) жіберілуі тиіс.

Аудиовизуалдық жұмыстар телевизиялық бағдарлама көшірмесі ретінде эфир анықтамаларымен бірге (cd/dvd дискілерінде) ұсынылуы қажет.

Қазылар алқасының құрамына республиканың саяси және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар, БАҚ-тар өкілдері кіреді.

Конкурсқа қатысуға арналған барлық материалдар Ұйымдастыру комитетіне мына мекенжайға: Астана қ., Орынбор көшесі, 8, 12-кіреберіс (Министрліктер үйі), тел.:+7 (7172) 74 15 39; +7 701 999 12 39 немесе мына электрондық мекенжайға: birlik-konkurs@mail.ru «Астана: жастар көзімен» деген белгісімен жіберіледі.

Толық ақпаратты сайттан алуға болады.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments