Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Қазақстандық БАҚ тілшілеріне арналған стипендиялық бағдарлама

Сорос-Қазақстан қорының (СҚҚ) «БАҚ-тарды қолдау» «Қазақстандық БАҚ тілшілеріне арналған стипендиалық бағдарлама» пилоттық жобасының іске қосылғаны туралы жариялайды.

Жобаның мақсаты

  • Өзінің күрделі және әртүрлі мәніне орай айтылмай жүрген не жетекші БАҚ-тарда жеткілікті түрде көрсетілмей жүрген әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қызығушылық танытып отырған теле-, радио- және баспа БАҚ-тардың тілшілеріне, сондай-ақ фотокорреспонденттерге қолдау көрсету.

Жобаны жүзеге асыру үшін стипендиялық бағдарламаның қатысушысына келесі тақырыптар ұсынылады:

  • Тегін заңгерлік көмекке қол жеткізу;
  • Денсаулық сақтау мәселелері (соның ішінде паллиативтік көмек);
  • Ақпраттық саясат саласындағы мемлекеттік тапсырыс;
  • Қазақстандық ТВ-ның цифрлық хабар тарату форматына ауысуы;
  • Білім алуға қол жеткізу (с.і. инклюзивті білім алу);
  • Көші-қон мәселелері;
  • Тіл саясаты;
  • Инфрақұрылымдық даму жобаларын мемлекеттік қаржыландыру;
  • Өңірлердегі мәселелер;
  • Басқасы (өзіңіз таңдаған тақырыбыңызды ұсыныңыз);

Материалдардың проблематикасы

  • Бюджеттік ашықтықты, есептілікті және қоғамның мемлекеттік басқаруға қатысуын қамтамасыз ету; СҚҚ-ның бір не бірнеше стратегиялық басымдылықтары сәйкес болуы тиіс:
  • Теңдік, әділдік, адам құқығын ұстану және заңның үстемдігі ұстанымдарын ілгері жылжыту;
  • Шыдамдылық пен азаматтық белсенділікті арттыру.

СҚҚ 300 000 теңгеден жеті стипендия тағайындау құқығын өзіне қалдырады. Жалпы гранттық қоры: 2 100 000 теңге.

Ізденушілерге қойылатын талаптар:

  • Қазақ және/орыс тілдерінде шығатын республикалық не өңірлік БАҚ-тарда кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар кәсіби тілшілер;
  • Тілшілік тергеулерді жүргізу тәжірибесі;
  • Аналитикалық ойлау және көрсетіліп отырған тақырыптарды білу;
  • Мультимедиялық журналистикада жұмыс істеу дағдылары құпталады;
  • Ағылшын (ауыз екі және жазбаша) тілін білу басымдылық болып табылады.

Стипендияның иегерлері

  • ұсынылған тақырыптардың бірі бойынша журналистік тергеулердің/ авторлық материалдардың топтамасын жариялап не эфирге шығарады;
  • міндетті шарт айына кем дегенде бір (жоба шеңберінде ең ары кеткенде алты) материал шығару;

Өтінушінің портфолиосы

  • Өтініштің пішімі: Сорос-Қазақстан қорының сайтында берілген
  • Жобаның жоспары мен негіздемесі;
  • Түйін (соңғы жыл ішінде жарияланған не эфирге шыққан материалдардың тізіміе қоса көрсету);
  • Екі қолдау-хат (бас редактордың, әріптес-тілшілердің және т.б.);
  • Бұрында жарияланған не эфирге шыққан екі материал.

Ұжымдық жобалар

  • Тек қана жеке түрде емес, сондай-ақ фото-, бейне- және баспа материалдар арқылы бірыңғай мультимедиялық жобаны жүзеге асырғысы келетін, адам саны үшеуден аспайтын топтың құрамында қатысуға болады. Бірлескен жобалармен жұмыс істеу үшін бір стипендия тағайындалады, ол қатысушыларға бөлінеді
  • СҚҚ сондай-ақ қатысушы-елдердің аудиториялары үшін қызығушылық тудырып отырған бірлескен ақпараттық жобамен жұмыс істеу үшін екі не одан көп елдердің тілшілерінің ұжымдық өтініштері құпталады, алайда басты өтінуші ретінде тек қана Қазақстанның азаматтары шығып отыра алады.

Байқаулық өтініштерді іріктеу рәсімі

  • Байқаудың нәтижелері туралы ізденушілерге электронды пошта арқылы хабарланатын болады;
  • Байқау финалистерінің назарына: Стипендия тағайындалған сәтке дейін бас редактордың жобалық материалдардың көрсетілген БАҚ-та жарияланып не соның эфиріне шығатынын растауымен қолдау-хатын ұсыну қажет.

Стипендиия туралы

  • Стипендияның көлемі:  300 000 теңге мерзімі 6 айға дейін;
  • Стипендия тілшілердің қаламақыларын өтейді және ай сайын төленіп отырады;
  • СҚҚ егер бұл ұсынылған жобаның мақсатына кереғар болмаса, жүріп-тұру шығындарын төлеуге арнап қосымша өтінімдерді қарастыруға құқылы.

Пилоттық жоба аяқталғаннан кейін СҚҚ кең жұртшылықтың қызығушылығын тудырған және тілшілік этиканың, әдідік пен жауапкершіліктің нормаларына сай келетін түпнұсқа инновациялық материалды жылдың ең үздік жобасы ретінде қосымша сыйақымен марапаттау құқығын өзіне қалдырады.

Өтінімдерді ұсынудың ақырғы мерзімі: бейсенбі, 2013 ж. 15 тамызы (Астана уақыты бойынша сағ. 17:00)*Өтінушілердің назарына, СҚҚ заңнамалық бастамаларға ықпал етуге арналған жобаларға қолдау көрсетпейді

Байқаулық өтінімдердің барлығын Сорос-Қазақстан қорының «БАҚ-тарды қолдау» бағдарламасының Сараптамалық комитеті (СК) тіркеп және қарайтын болады. Қажет болған жағдайда СК өтінушіден қосымша ақпарат сұратуға құқылы.

Байқаулық өтінімдерді ұсыну рәсімі:

Барлық өтінімдер «Тілшілерге арналған стипендиялық бағдарлама» белгісімен келесі электронды мекенжайлар бойынша: application@soros.kz не sorosapplication@gmail.com қабылданады. Байқаулық өтінімді тіркеу кезінде Сіздің электронды мекенжайыңызға растау хат келеді.

Қосымша материалдарды пошта арқылы жіберуіңізді сұраймыз: 050000, Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 111 А, 9-кеңсе.

Ізденушілердің назарына, өтінімдерге пікірнама жазылмайды және олар қайтарылмайды. Сорос-Қазақстан қоры қабылданбаған өтінімдер бойынша түсініктеме бермейді.

«Қазақстандық БАҚ тілшілеріне арналған стипендиялық бағдарлама» туралы толық ақпарат алу үшін «БАҚ-тарды қолдау» бағдарламасының үйлестірушісі Дария Цыренжаповаға msp@soros.kz электронды поштасы арқылы не +7 (727) 258-13-54 (іш. 105) телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments