Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

«Замандас келбеті» деректі фильмдер апталығы

2013 жылғы 4-8 маусым аралығында Астана қаласында Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АО және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастыруымен «Замандас келбеті» атты деректі фильмдер апталығы өтеді.

Апталық бағдарламасында Сұлтан Оразали, Шерхан Мұртаза, Камал Ормантаев және Шәмші Қалдаяқов сынды белгілі тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына арналған соңғы жылдары жарық көрген деректі фильмдер көрсетіледі. Фильмдердің барлығын қоюшы режиссерлер және шығармашылық топ өкілдері ұсынып, таныстырады.

Апталық бағдарламасында Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АО шығарған «Руханият сардары» (режиссері Ж. Жетіруов), «Шерхан Мұртаза» (режиссері И.Ысқақов), «Академик Ормантаев» (режиссері Ж. Жетіруов), «Парасат Әуендері» (режиссері А.Әбдіков), «Шәмші» (режиссері Т.Ахметов) атты фильмдер көрсетіледі.

Апталық 4 маусым күні «Руханият сардары» фильмінің көрсетілімінен ашылады. Шараға фильмді түсірген шығармашылық ұжым қатысады. Фильмді қоюшы режиссер Жаңабек Жетіруов және жазушы, драматург Сұлтан Оразалин ұсынады.

Соңғы күні «Шәмші» фильмі ұсынылады. Композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі туралы фильмді продюсері Қалдыбек Құрманәлі таныстырады.

Көрсетілімдер Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтеді. Кіру тегін.

Print Friendly
comments powered by HyperComments