Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Online journalism awards — 2013 байқауы

Бүкіл әлемнің онлайн жұмыс істейтін журналистері, цифрлік ақпарат агенттіктері және студенттері осы жүлделерді алуға үміткер бола алады.

Онлайн БАҚ қауымдастығы (Online News Association) (ONA) және Майями университетінің коммуникациялар факультеті 2013 жылы онлайн жаңалықтар таратуға сіңірген еңбегі үшін марапаттар берілетін байқауға қатысу үшін өтінімдер қабылдауды бастады.

Биыл ағылшын тілінен басқа тілдерде әзірленген материалдар мына санаттардың барлығы бойынша байқауға қатыса алады: шұғыл жаңалықтарды тарату, жоспарланған жаңалықтар/оқиғалар бойынша, explanatory reporting (тақырыпты толық түсіндіретін ұзақ мақалалар), очерк, өзекті тақырыптарға жазылған мақалалар, түсініктеме мақала, студенттік жоба, техника жаңалықтары, журналистік зерттеу, азаматтардың мүдделерін қорғайтын журналистика (watchdog journalism), қоғамға қызмет ету және онлайн журналистикаға сіңірген жалпы еңбегі үшін санатында.

Байқаудың жүлде қоры — 37 500 АҚШ доллары, оның ішіне “watchdog journalism” жанрындағы үздік жұмысқа берілетін 5000 АҚШ доллары көлеміндегі жаңа жүлде кіреді.

Жүлделер Джорджия штаты, Атланта қаласында жеңімпаздар құрметіне ұйымдастырылатын ONA конференциясы мен мерекелік ас үстінде табыс етіледі. 2009 жылы басталған байқау цифрлік журналистика саласындағы сіңірілген еңбекті толық қамтитын жалғыз байқау болып отыр.

Кіріс жарнасы ONA мүшелері үшін 100 АҚШ доллары, ONA-ға мүше еместер үшін 175 АҚШ доллары, ONA-ға мүше студенттер үшін 15 АҚШ доллары, ONA-ға мүше емес студенттер үшін 50 АҚШ долларын құрайды.

Байқауға 2012 жылғы 16 маусым мен 2013 жылғы 15 маусым аралығында жарияланған жұмыстар қабылданады.

Өтінімдер 21 маусымға дейін қабылданады.

Толық ақпарат мында.

Дерек көзі

Print Friendly
comments powered by HyperComments
Homepage
2013-06-17 14:59:35
<strong>... [Trackback]...</strong> [...] Informations on that Topic: kaz.pressclub.kz/2013/06/04/online-journalism-awards-2013-bajқauy/ [...]...