Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Гетти қорының өнер тақырыбында жазатын журналистерге арналған стипендиясы

Дүние жүзінің мәдениет және өнер тақырыбын шығармашылығына өзек етіп жүрген журналистері осы стипендияны иеленуге өтінім білдіруіне болады.

Гетти қоры қаржыландыратын он екінші жыл сайынғы USC Annenberg/Getty Arts Journalism бағдарламасы екі апта бойы Калифорния штаты, Лос-Анджелес қаласында жұмыс істейтін жаңалықтар редакциясының жұмысына қатысуға он бес үміткер іздейді. Өнер, архитектура, әдебиет, кино, поп мәдениет, визуал және орындаушылық өнер түрлері бойынша мақала жазатын журналистер бақ сынап көруіне болады. Өтінім берушілер сыншы, тілші, блогер немесе маман болуы мүмкін.

Стипендия бағдарламасы аясында журналистер спектакльдер көрсетіліміне, көркемөнер көрмелеріне және сәулет өнері нысандарына барады. Стипендия иегерлері мәдени шаралардың сахна сыртында не болатынын өз көзімен көріп, өнер мен қала мәдениетінің негізін қалайтын танымал суретшілермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады.

Әдетте бір немесе екі жеңімпаз Америка құрама штаттарына шетелден барады.

Өтінімдер 9 шідеге дейін қабылданады.

Толық ақпарат мына жерде.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments