Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

«Тұрақты дамуға арналған экологиялық балалар бизнес-жобалары» атты байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Бүгін «Шеврон» компаниясы мен «Достижения молодых» Қоғамдық қоры «Тұрақты дамуға арналған экологиялық балалар бизнес-жобалары» байқауы жеңімпаздарының үздік жобаларының көрме-жәрмеңкесін өткізді. Қоғамның назарын экология мәселелеріне аударуды және өсіп келе жатқан ұрпақты елдің табиғи байлығын сақтап қалуға тәрбиелеуді алдына мақсат етіп қойған байқауға Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қолдау көрсетті.

Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры, Еркін Зікібаевтың айтуынша: «Дүниежүзіндегі жетекші энергетикалық компаниялардың бірі бола тұра, «Шеврон» компаниясы қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударады. Қазақстанда атқарған 20 жылдық қызметіміздің барысында біз экология саласында, әсіресе жастар мен балалардың өмірге қажетті және пайдалы дағдыларын дамытатын көптеген шығармашылық бастамаларға қолдау көрсеттік».

Биылғы байқауда Қазақстанның барлық аймақтарынан шамамен 300-дей жоба қарастырылды. Алматы, Астана қалаларынан және 15 облыстан 27 жоба дипломдармен, мақтау қағаздарымен марапатталды, оның ішінде 11 жобаны жүзеге асыру үшін ақшалай грант бөлінді. Марапаттау салтанатынан кейін жеңімпаздар өз жобаларын жүзеге асыруды бастайды, ал кейін барлық жинақталған материал балалар мен педагогтарға тренингтер мен семинарлар өткізу үшін қолданылатын болады.

Оқушыларды жобалау қызметіне үйрету жобасын «Шеврон» компаниясы мен «Достижения молодых» Қоғамдық қоры 2007 жылы бастады. Бұрын өткізілген жобалардың арқасында аймақтарда зерттеу және жобалау қызметіне деген қызығушылық артты. Оқушылар өз өңірлерінде экологиялық мәселелерді анықтап, оны зерттеп, осы мәселелерді шешу жолдарын ұсынады. Жеті жыл аралығында байқауға 1000-нан астам жоба жіберілді, оның әрбір оныншысы «Шеврон» компаниясы тарапынан гранттық қолдауға ие болды. Статистикаға сәйкес грант аяқталғаннан кейін жобалардың 35%-ы ары қарай жалғасуда. Оқушылардың қызметіне жергілікті әкімдіктер, демеушілер және жергілікті қоғам қолдау көрсетеді.

Байқау жеңімпаздарымен «Достижения молодых» қоғамдық қорының сайтында таныса аласыздар.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments