Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Мобильді құрылғыларға арнап контент әзірлеудің қарапайым тәсілі

Әлеуметтік медиада ақпарат алмасу редакциялар үшін қалыпты құбылысқа айналып кетті: олар тек оқиғаға сипаттама беріп, сілтемені көшіріп қойып, жариялай салады.

431acbc3e18e4ea7bd838812f6dacd89

Алайда, мобильді құрылғыларды қолданатын оқырмандар үшін бұл бірнеше сілтеме арқылы өтіп, оның ашылғанын күтіп отыруды білдіреді дейді мобильді құрылғылар үшін материал жазатын журналист Нил Огенстайн өзінің жақында PBS MediaShift сайтында жарияланған мақаласында. Огенcтайн смартфондар мен планшеттерді қолданатын аудиториялар үшін өзі «кемел твит» атайтын дүниені қалай жасаудың қарапайым тәсілін сипаттап берді. Ол үшін:

Фотосуреттерді монтаждаңыз

Оны жасаудың ең арзан тәсілі PicFrame қосымшасы. Apple ITunes немесе Android үшін оны бір доллардан арзан бағаға Google Play сайтында сатып алуға болады. Осы қосымшаны пайдаланып, сіз телефоныңыздың камерасынан бірнеше суретті жүктеп, бір жақтаудың ішінде біріктіруіңізге болады.

«Сіз бір твиттің ішінде бірнеше суретті біріктіріп салсаңыз, пайдаланушы өзге суреттерді көру үшін, әрқайсысын ашып қарауға мәжбүр болмайды», — деді Огенcтайн.

Ол бір жақтаудың ішіне үштен артық сурет салмауға кеңес береді, сонда суреттер анықтап қарауға болатындай үлкен мөлшерде болады.

Аудио жазбалар алмасуға мүмкіндік беретін қосымша таңдаңыз

«Мәселе смартфон не планшет қолданушысына твиттені сілтемені екінші рет баспай, фотомонтажды қарап отырып, бейнеге қосымша жүретін дыбысты тыңдауға қалай мүмкіндік беруге болатынында», — деп жазды Огенстайн.

Ол Apple-мен де, Android-пен де жұмыс істейтін аудио таратуға арналған SoundCloud платформасын қолдануға кеңес береді. Пайдаланушылардың толық аудио жазбалар жүктеп, сілтемесін әлеуметтік желілерде ортаға салуға мүмкіндігі бар. (SoundCloud сервисін қолдану туралы кеңестерімізді мына жерде оқыңыз). Огенcтайн сондай-ақ SoundCloud-қа балама ретінде AudioBoo ұсынады.

Бейне мен аудио жазбаларды ұштастырыңыз

Пайдаланушылар SoundCloud мобильді қосымшасын пайдаланып, бір мезгілде аудио мен видеоны қатар жүктей алмайды. Екеуін біріктіру үшін Огенстайн фотосуреттер жиынтығын SoundCloud-тағы профиліңіздің бейнесі ретінде орналастыруды ұсынады.

«Осылайша, пайдаланушы сілтемені басқан кезде сіздің фотомонтажыңызды көріп отырады, сонымен қатар дыбыс жазбаны да тыңдай алады, — дейді Огенстайн. — Видеодан бір айырмашылығы, пайдаланушы интернетте өзге шаруа жасап отырған кезде, дыбыс жазбаны фон ретінде тыңдай береді».

Огенcтайн журналистер мобильді құрылғылар қолданушыларына арнап контентті қалай жасай алатыны туралы мына видеода толығырақ әңгімелейді:

Print Friendly
comments powered by HyperComments