Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Сюжеттің желіде қалай таралғанын тексерудің үш тәсілі

Көптеген журналистер өздерінің зерттеу-тергеу мақаласы немесе блогтағы жазбасы интернет аудиториясына қалай әсер еткенін қалай бағалауға болады деп ойланады. Бірнеше қарапайым тәсіл ұсынамыз:

1) Кеңейтілген Google іздеу тәсілін:қолданыңыз

Өзіңіз тексеріп көргіңіз келетін контенттің сілтемесін екінші мәтін алаңына қойыңыз.
Тақырыпты да солай етіңіз.

Қосымша тақырып пен мақаладан алынған үзіндімен де осы әрекетті қайталаңыз.

Қандай жағдайда да соңғы 24 сағаттағы нәтижелерді саралап шығу үшін «нәтижелерді нақтылау» функциясын пайдаланыңыз. Және, мүмкіндігінше, бұл әрекетті әр 48 не 72 сағат сайын қайталап отырыңыз.

Нәтижесінде сіз осыған ұқсас тізім құрастыра аласыз, оның үстіне ол (сіз домен алаңында Facebook.com және Twitter.com деп көрсеткен болсаңыз) мақалаңыз әлеуметтік медиа құралдарында қандай пікірлер жинағанын да көрсетеді.

2) Facebook пен Twitter үшін арнайы әзірленген мониторинг жүйелерін пайдаланыңыз

Social mention – тақырып атауы немесе тұрақты мекенжай бойынша іздеу жүргізуге мүмкіндік беретін мониоринг жүйесі. Сондай-ақ, ресурс автордың есімі бойынша іздеу жүргізуге мүмкіндік береді.

48ers желідегі соңғы 48 сағаттағы материалдарға жоғары тиімділік пайызымен мониторинг жасайды.

Өзге баламалары: Addictomatic, Boardreader и Whostalkin.

Шынайы уақыт режимінде мониторинг жасау үшін Twitterfall сервисін Google-дің кеңейтілген іздеу жүйесімен ұштастыра отырып қолдану ұсынылады.

YouTube-та мониторинг жасау: іздеу параметрлерін енгізіңіз де, содан кейін соңғы нәтижелерді сараптап шығу үшін «фильтр» функциясын пайдаланыңыз. «Жүктелген күні» функциясын таңдағыз. Сұраным бойынша нәтижелерге мысал: «Деректер журналистикасы».

Контентті Twitter-ге жариялау қандай нәтиже бергенін контенттің ықпал ету аумағын өлшейтін Tweetreach, немесе пайдаланушыларды сараптайтын TwitterCounter сияқты құралдарды пайдалана отырып сараптауға болады. Facebook үшін осыған ұқсас құралды қолданыңыз Socialbakers.

3) Блогтар бойынша іздеу

Көптеген блогтардың авторлары жаңалықтар сайттарынан сюжеттерді тұтастай көшіріп алып қоя салады. Мұндай жағдайда мынадай ресурстарды пайдалануға болады:

Google-дағы блогтар бойынша іздеу.
Icerocket сияқты арнайы іздеу жүйелері де Twitter мен Facebook үшін іздеу мүмкіндіктерін береді.

Бұл құралдардың үш тобын шынайы уақыт режимінде, дәл қазіргі сәтте болып жатқан оқиғаны қадағалап отырған кезде ұштастыра қолдануға болады, нәтижесінде оқиғаға қандай назар аударылғанын жақсырақ бағалай аласыз. Бір мысал.

Түпнұсқа мәтіннің авторы — Сандра Круцианелли, ijnet.org

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments