Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Citi жаңа макроэкономикалық есеп ұсынды

Қазақстанның жетекші іскерлік басылым өкілдерімен өткен дөңгелек үстел шеңберінде Ситибанк өкілдері макроэкономиканың аса өзекті мәселелері мен елдің қаржы нарығындағы жағдайын талқылады.

Бүгін Астанада «Ситибанк Қазақстан» АҚ Қазақстанның жетекші экономикалық және қаржы басылымдарының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оның шеңберінде Citi-дің талдау бөлімшелерінің әлемдік экономикаға, оның ішінде Қазақстанға қатысты дайындаған макроэкономикалық болжамы ұсынылды.

Баспасөз мәжілісінде Citi Нью-Йорк экономисі Эрик Ли және Citi Лондон экономисі Ибрахим Рахбари сөз сөйледі. Журналистермен бірге олар әлемдегі ағымдағы макроэкономикалық жағдайды талқылап, жаһандық экономика келешегі мен тәуекелдерді, сондай-ақ, Қазақстан экономикасының келешегін қарастырды.

«Қазақстан әлемдегі ең шапшаң өсіп келе жатқан нарықтардың бірі болып табылады. Citi осында 20 жылдай дерлік табысты жұмыс жасап келеді. Сондай-ақ, осы уақыттың ішінде біз көптеген оң өзгерістердің куәгері болдық. Біздің пікірімізше, Қазақстан нарығының өсу әлеуеті жоғары, мұны халықаралық инвесторлар мен Citi-дің ұйымдық клиенттерінің қызығушылығының ұдайы өсіп келе жатқаны айғақтайды», — деп атап өтті «Ситибанк Қазақстан» АҚ Басқарма төрағасы Асиф Заиди.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments