Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Астанада Medtronic кеңсесі және тренинг орталығы ашылды

Астанадағы тренинг орталығы Орталық Азия мен Әзірбайджанда ANGIO MentorExpress эндоваскулярлық симуляциялау жүйесін қолдануда тәжірибелік жаттығуларды жүргізу үшін компанияның алғашқы тұғырнамасы болып табылады және Қазақстанда инновациялық медициналық технологиялар мен емдеу тәсілдерін енгізуде техникалық қолдау көрсетіп, оқыту шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан мен Орталық Азияда 2008 жылдан беріқызмет етіп келе жатқан, медициналық технологиялар саласындағы әлемдік жетекші Medtronic компаниясы 2013 жылы 9 сәуір сейсенбіде Астанада кеңсе мен оқыту орталығын ресми түрде ашты.

Орталық Азия мен Әзірбайджан елдеріне жауапты Қазақстандағы бірінші кеңсе 2008 жылы қараша айында ашылған.

Орталық және Шығыс Еуропа бойынша Medtronic вице-президенті Слободан Радумило ашылу салтанаты кезінде дәрігерлердің оқуы мен кәсіби дайындығының маңыздылығын атап өтті.

Слободан Радумило

«Medtronic инновациялық, медициналық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы ретінде медицианалық инновациялық технологияларды қолдануда дәрігерлерді оқыту мен жаттықтырудың маңыздылығын жақсы түсінеді. Сондықтан, біз Қазақстанға барша әлемнен үздік дәрігерлерді шақырамыз, олар жергілікті қазақстандық дәрігерлерді үйретіп, ал ол дәрігерлер аймақтардағы әріптестерін үйретеді. Қазақстан маңызды нарық, сондықтан дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жаңа медициналық технологияларды енгізу мен қажетті қолдаумен қамтамасыз ету шараларын жалғастыратын боламыз».

Гүлжахан Шамшатова, Орталық Азия мен Әзірбайджан бойынша Medtronic компаниясының аймақтық менеджері:

«Medtronic және дәрігерлер мен медициналық мекемелер арасындағы әріптестік Қазақстанда бірнеше жыл бойы жалғасуда. Астанада оқу орталығының ашылуы медициналық процедуралардың санын арттыру, жұртшылықты біздің терапиялар хақында хабардар етіп тұру мақсатында жергілікті нарықтағы жетекші орында болуымыздың тағы бір дәлелді қадамы деп қарастырамыз. Бүгін оқу орталығының ашылғандығын ресми жариялаймыз. Алайда 2012 жылдың қаңтар айынан бастап біз 1500 дәрігерді оқыттық. Астанадағы оқу орталығында ЭКС (электрлі кардиостимулятор) мен ИКД (имплантациялы кардиовертер-дефибриллятор) құрылғыларын меңгеру бойынша 3 курс ұйымдастырылды. Ал 2012 жылдың қазан айынан бастап стимулятордың қолданылуымен жүрек қан тамырларын емдеудің интервенциялық тәсілдері бойынша оқу курстары тұрақты түрде өтуде».

Астанадағы тренинг орталығының ашылу салтанатына Ұлттық Ғылыми Кардиохирургиялық Орталықтың Интервенциялық кардиология бөлімінің меңгерушісі Марат Арипов қатысты.

Марат Арипов

«Ғылыми тұрғыдан да, тәжірибелік тұрғыдан да біздің клиникамыз кардиохирургия, интервенциялық кардиология жағынан еліміздегі жетекші орынға ие. Медициналық жәрдемді кәсіби жоғары деңгейге жеткізу мақсатында заманауи технологияларды тұрақты түрде сараптау мен оларды денсаулық сақтау жүйесіне енгізу жүмыстары оңтайландырылып отырады. Осы орайда Medtronic ұсынып отырған жаттықтыру орталығы уақытылы әрі өзекті шара болып табылады. Мұнда дәрігерлер теориялық материалдармен танысып, операцияларды жүргізу тәжірибесін жасанды яғни симуляторларға жасап, біліктіліктерін арттырады. Атап өтетін тағы бір жайт, лекцияларды дайындау мен семинарларды өткізу жоспарларына еуропалық профессорлар арнайы қатысқан».

Medtronic әлемдегі миллиондаған адамның өмірін ұзарту мен денсаулығын қалпына келтіруде, ауруларын жеңілдетуге бағытталған инновациялық медициналық технологияларды жасап шығарады. Әрбір 4 минут сайын әлемнің әр түкпірінде біреудің жанын аман сақтап қалу үшін немесе өмір сапасын жақсарту үшін Medtronic өнімі не емдеу тәсілі пайдаланылады. Medtronic өнімдері мен емі жүрек қағысы, омыртқа аурулары мен жүрек- қан тамыры жүйесі, диабет, неврология мәселелері саласында 30-дан астам түрлі асқынған ауруды емдеуге қолданылады.

Medtronic әлем бойынша дәрігерлермен тығыз байланыста бола әр күн сайын миллиондаған адамның үміттерін жандырып, қалыпты өмірге оралуға, ұзақ әрі сапалы өмір сүруге көмектеседі.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments