Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Қазақмыста өндірістегі қауіпсіздік жөніндегі жобаның екінші кезеңі басталды

Қазақмыста өндірістегі қауіпсіздікті және Топтың кәсіпорындарында еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті басқару жүйесін жақсартуға бағытталған «Өмір» жобасының екінші кезеңі басталды.

Екінші кезеңнің барысында салалық қызметкерлер бірінші кезеңнің аясында енгізілген қауіпсіздіктің мінез-құлық аудиттерін өткізу тәжірибесін кемелдендіруді және жұмыс орындарындағы қатерлерді бағалауын жалғастырады. Жоба өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы инновацияларды енгізу жөнінде арнайы құрылған шағын комитеттердің жұмысына қызметкерлердің тікелей қатысуын, сондай-ақ тиімді алдын алу шараларын әзірлеу мақсатымен оқиғаларды тергеу және нәтижелерін талдау машықтарына оқытуды көздеп отыр. Жобаны жүзеге асыруға 2013 жылы 600 млн-нан астам теңге бөлінбек.

Жобаның басталуы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні (28 сәуір) қарсаңында компанияның барлық кәсіпорындарында басталған қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі айлықты өткізуге орайластырылып отыр.

Аталмыш шара аясында жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті жақсарту, жұмыскерлердің қауіпсіздік техникасына деген саналы көзқарасын ынталандырып, қолдау үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Сондай-ақ, компания кәсіпорындарында ЕМЕХ бағдарламалық-талдамалық кешені өнеркәсіптік-тәжірибелік қолданысқа енгізіледі. Ол кәсіби дерттердің және жарақаттардың ахуалын шұғыл түрде бағалауға және алдын алу, түзету шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Өндіріске бейімдеп, енгізуге 50 млн теңге жұмсалған бағдарламалық өнім айрықша жеделдігімен әрі мағлұматтардың аса дәлдігімен ерекшеленеді: кәсіби дерттердің және жарақаттардың алдын алумен айналысатын қызметкерлер кәсіпорында орын алған оқиға туралы шұғыл мәліметі 3 минуттың ішінде алады.

«Компанияның ең құнды ресурсы – адамдар. Ал біздің міндетіміз – олар үшін қолайлы еңбек жағдайын жасау. Бұл ретте қауіпсіздікке ерекше мән беріледі. «Өмiр» жобасы – қауіпсіздікті жақсартуға бағытталған жобалардың бірі. Мұнымен қатар біз жабдықтар мен техниканы модернизациялау және жаңғырту бағдарламасын жүзеге асырып, озық әрі барынша қауіпсіз технологиялар мен өндіріс үрдістерін енгізіп, ішкі стандарттар мен регламенттерді қайта қарап жатырмыз» -деді өз сөзінде «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Эдуард Огай.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі айлыққа Қазақмыстың жұмыскерлерімен қатар олардың отбасы мүшелері, мердігер ұйымдардың жұмыскерлері мен қоғам өкілдері де қатыстырылады. Осылай, қызметкерлердің балалары үшін ата-аналарының қауіпсіз жұмысына арналған суреттер бәйгесін өткізу жоспарда бар.

Print Friendly
comments powered by HyperComments