Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Қазақмыс Қарағанды облысына жаңадан 16 жедел жәрдем көлігін сыйлады

Қазақмыс Тобы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау департаментіне оттегі толтырылған цилиндрлермен, электр желдеткіштермен, тасымалданбалы шамдармен, шағын медициналық қобдишалармен, сұйықтықтарға арналған бекіндіргіштермен, зембілдермен әрі гамактармен жарақталған 16 микроавтобусты сыйға тартты.

Сатып алуына Қазақмыс 73 миллионға жуық теңге бөлген автокөліктер Қарағандының, Жезқазғанның, Сәтбаев қаласы мен Балқаштың жедел жәрдем көрсету станцияларына жөнелтіледі. Жедел жәрдем көліктері Қарағанды облысы әкімдігі мен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС арасында 2012 жылға жасалған әлеуметтік ынтымақтастықтың Кешенді жоспары аясында сатып алынды.

«Біз Қарағанды облысының тұрғындарына осындай тарту жасағанымызға қуаныштымыз. Қызметімізді жүзеге асырып отырған аймақтардағы қоғамдық денсаулық сақтау саласына қолдау жасау Қазақмыс Тобының әлеуметтік бағдарламасының шешуші бағыттарының бірі болып табылады әрі біз қолдан келгенше оны одан әрі дамыта түсуге үлес қосып отыруға ниеттіміз», — деп мәлімдеді «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі директоры Сергей Ершов.

2013 жылы Қазақмыс Қарағанды мен Жезқазған қалаларының перзентханаларын медициналық жабдықтармен жарақтауға 50 млн теңге бөледі.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments