Қазақмыс тобы геолог күнін атап өтуде | Қазақстан Баспасөз клубы. Since1994

Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • Принятые типы файлов: doc, jpeg, png, pdf.
    doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Қазақмыс тобы геолог күнін атап өтуде

Қазақмыс Тобының геологтары өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде. Геолог күні мерекесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен ресми түрде қайта жаңғыртылған болатын.

Істен шыққан қуаттылықтардың орнын толтыру мен минералдық-шикізат базасын кеңейту жұмыстары компания қызметінің басымдық берілген бағыттарының бірі болып табылады. Қазақмыста шамамен 200 геолог еңбек етеді. Топтың құрамында Қазақмыс үшін геологиялық барлауға қатысты барлық жұмыстарды атқаратын арнайы құрылған «Қазақмыс Эксплорейшн» бөлімшесі бар. Геологиялық барлау жұмыстары терең деңгейлермен және жалғасып жатқан флангтар есебінен қолданыстағы кен орындарын қосымша барлауға, қолданыстағы кен орындарының барланған қорларын аса жоғары өнеркәсіптік санаттарға көшіруге, сондай-ақ республика аумағында жаңа кен орындарын іздестіруге және барлауға бағытталған. Бұған қоса, 20-дан астам кен орнындағы қорларды қайта бағалау жұмысын өткізу жоспарда бар.

2012 жылы Топтың 10 нысанында шамамен жалпы сомасы 57 млн АҚШ долларын құрайтын 285 000-нан астам қ.м. бұрғыланды. Олардың ішінен бұрғылау көлемі мен бөлінген қаражат мөлшері бойынша Жезқазған, Жаман-Айбат, Шатыркөл, Нұрқазған және Артемьев сияқты жобаларды атап айтуға болады. Бекітілген жоспар бойынша, ағымды жылы 26 млн АҚШ долларынан асатын сома бөлініп, 85 000 қ.м. бұрғыланады.

«Геолог мамандығы – Қазақстан үшін маңызды мамандықтардың бірі. Өйткені, біз алуан-түрлі пайдалы қазбалар мен түрлі металлдардың бай кен орындарын иеленіп отырмыз, әрі еліміздің минералдық-шикізат кешені ІЖӨ-ң шамамен 70 пайызын құрайды. Өткен жылы бекітілген, Қазақстан Республикасының геологиялық саласын 2030 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасы Үкіметтің еліміздің геология саласын дамытуға мүдделі екенін анық байқатады. Бұл жерде мемлекеттік-жеке серіктестікті ынталандыруға ерекше көңіл бөлінген, ал біз, жер қойнауын пайдаланушылар, мемлекет қолдау көрсетіп отырса алдағы уақытта да геологияға инвестиция салуға даярмыз. Қазақстанның барлық геологтарын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, барлық бастамаларына табыс тілеймін», — деді өз сөзінде «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Эдуард Огай.

Геологтарға көмек ретінде Қазақмыста жаңа ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық өнімдер жұмысқа белсенді енгізілуде. Солардың бірі – көрнекі 3D-модельдер жасауға, геологиялық қорларды есептей отырып, статикалық операциялар жүргізуге мүмкіндік беретін геологиялық жоспарларды, кесінділерді, топографиялық кескіндерді санға айналдыру үшін пайдаланылатын, кен қойнауы туралы ақпаратты жіберетін және пайдаланатын геологиялық барлау, модельдеу, қорларды есептеуші Gemcom Surpac™; CAE Datamine, бағдарламалық өнімдері, сондай-ақ қолданыстағы кен орындарындағы жаңа алаңдар мен флангтарды іздестіру үшін Қазақмыс іске қосып отырған Titan-24 геофизикалық технологиясы.

Print Friendly, PDF & Email
comments powered by HyperComments