Отправьте нам свой пресс-релиз или заявку на мероприятие

  • Хабарласу үшін ғана.
  • doc, jpeg, png, pdf форматындағы файлды бекітуіңізге болады.

Тау-кен-металлургия саласының қызметі туралы жазып жүрген журналистер үшін өткізілетін III Республикалық байқау

Қазақмыс тобы мен Қазақстан Баспасөз клубы Тау-кен-металлургия саласының қызметі туралы жазып жүрген журналистер үшін өткізілетін III Республикалық байқауға қатысуға шақырады.

Байқау жұмыстары 2013 жылдың 27 наурызынан бастап 21 мамырына дейін қабылданады. Байқауға 2012 жылдың 1 тамызы мен 2013 жылдың 21 мамыры аралығында жарияланған материалдар қатыстырылады.

Байқау біліктілік талаптарынсыз бір айналымда өтеді. Байқауға Қазақстан Республикасының республикалық және аймақтық электронды және баспа БАҚ журналистері, оның ішінде телеарна, баспа және Интернет-басылымдардың, ақпарат агенттіктерінің журналистері қатыса алады.

Байқау жеңімпаздары әртүрлі БАҚ-на арналған 5 аталым бойынша анықталып, бағалы сыйлықтармен және құрмет грамоталарымен марапатталады.

Байқау туралы Ережені қосымшадан қараңыздар.

Байқау туралы толық ақпарат алу үшін:
Олжас Бейсембаев, Қазақстан Баспасөз клубының үйлестірушісі, байланыс телефоны: +7 (727) 2627828, pr4@pressclub.kz, www.pressclub.kz, www.kazakhmys.com

  Байқау ережесі (unknown, 216 hits)

Print Friendly
comments powered by HyperComments